<p>
</p>
<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2 мамырда Нұр-Сұлтанда қалалық және қала маңына қатынайтын автобустардың қозғалысы тоқтатылады. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясының <a href="https://www.instagram.com/p/COPLghTMO8l/?utm_source=ig_web_copy_link">әлеуметтік желідегі</a> парақшасында жазылды.</h4>
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2 мамырда Нұр-Сұлтанда қалалық және қала маңына қатынайтын автобустардың қозғалысы тоқтатылады. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясының әлеуметтік желідегі парақшасында жазылды.
2 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында және қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы бір күнге тоқтатылады. Дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.
⠀
Сенбі және дүйсенбі күндері, 1 және 3 мамырда қоғамдық көлік қалыпты жұмыс істейді.
⠀
Бетперде тағу режимін сақтауды сұраймыз. Автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды.
⠀
Жол ақысы карта көмегімен немесе QR-код сканерлеу/көлік кодын енгізу арқылы, қолма-қол ақшасыз төленеді, – делінген компанияның әлеуметтік желідегі хабарламасында.