Атырауда бір тәулікте 2 384 адам коронавирусқа қарсы вакцина алды

30 Сәуір 2021, 00:25
1982
Бөлісу:
Атырауда бір тәулікте 2 384 адам коронавирусқа қарсы вакцина алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда бір тәулікте 2 384 тұрғын коронавирусқа қарсы вакцина алды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

28 сәуірде «Спутник V» және «QAZVAC» вакциналарының I компонентін 2 384 тұрғын алған. Оның ішінде 121 медицина қызметкері, 149 педагог, 57 полиция қызметкері, 12 студент, 12 жабық мекеме қызметкерлері, 326 құқық қорғау органдарының қызметкерлері, 88 мемлекеттік қызметші, 20 созылмалы аурумен ауыратын адам, 1 599 жергілікті тұрғын бар.

Биылғы 1 ақпан-28 сәуір аралығында «Спутник V» және QAZVAC вакциналарының компоненттерін 22 612 адам салдырды. II компонентпен 5789 адам егілді. Тұрғындардың коронавирус инфекциясына қарсы өз еркімен екпе алуы үшін 25 стационарлық және 6 жылжымалы егу бекеті ашылды. Оның ішінде сауда орталығында да вакциналау бекеттері жұмыс істейді, – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.
Өзгелердің жаңалығы