Биыл Ақтауда жалпы аумағы 10 мың шаршы метрлік жол жөнделеді

30 Сәуір 2021, 18:32
2060
Бөлісу:
Биыл Ақтауда жалпы аумағы 10 мың шаршы метрлік жол жөнделеді

Маңғыстау облысы, BAQ.KZ тілшісі. «Ақтау қалалық автомобиль жолдары және жолаушылары көлігі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Бекасыл Алхамовтың сөзінше, облыс орталығында көлік жолдарының жалпы ұзындығы 209 шақырымды құрайды.

Биыл оның 10 мың шаршы метр аумағын қалпына келтіруге қала қазынасынан 62 млн теңге бөлінді. Наурыз айында басталған монтаждау-жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін жалғасады.

Осы күнге дейін аумағы 2 мың 350 шаршы метр жолдың ой-шұңқырлы жерлері бітелді. Жалпы былтырғы жылмен салыстырғанда осы бағытта жасалатын жұмыс көлемі үш есе көп. Мәселен 2020 жылы қала көшелерінің тек 3 мың шаршы метрі жөнделген болатын. Бір мезгілде жол таңбалары да қайтадан сызылып жатыр. Желтоқсан айы аяқталғанша, 39 мың шаршы метр жерде таңбалар жаңартылады. Қазір қалаішілік автомобиль жолдарының 8 мың шаршы метрден астам аумағында таңбалар жаңарды. Сондай-ақ шаһар бойынша бас-аяғы 380 жаяу жүргіншілер өтпесі бар. Оның 161-сі қайта сырланды. Бұл жұмыстар да кестеге сәйкес жалғасып жатыр, - деді Бекасыл Алхамов.

Биыл Ақтауда жалпы аумағы 10 мың шаршы метрлік жол жөнделеді

Тұрғындардың өтініші бойынша «Шығыс-2» және «Шығыс-3» ышағын аудандарында осы сәуір айында көлік жолын салу басталған болатын. Бұл жобаны жүзеге асыруға қажетті қаражаттың бір бөлігі бөлініп те тұр.

Бұдан бөлек, былтыр «Рауан» тұрғын-үй массивінде ішкі автомобиль жолының құрылысы басталып, кейін тоқтап қалған еді. Мемлекеттік «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында бұл бағыттағы жұмыстар да биыл қайта жанданды.

Өзгелердің жаңалығы