Елімізде соңғы үш айдың ішінде 834 адам өз-өзіне қол жұмсаған

30 Сәуір 2021, 07:36
2696
Бөлісу:
Елімізде соңғы үш айдың ішінде 834 адам өз-өзіне қол жұмсаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың үш айында 834 қазақстандық өз-өзіне қол жұмсады. Олардың көпшілігі ер адамдар. Бұл туралы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің есебінде айтылған.

Жалпы алғанда, 2021 жылдың қаңтарынан наурызына дейін 834 қазақстандық өз-өзіне қол жұмсады.

Дүниежүзінде ер адамдар суицидке жиі барады. Өздерін өлтіргендердің 659-ы ер адамдар. Бұл ерлердің көпшілігі 35 пен 44 жас аралығында болған (141). Ал өз-өзіне қол жұмсаған әйелдердің көпшілігі 45 пен 54 жас аралығында болған (31 жағдай).

Адамдар қандай күйде өз-өзіне қол жұмсады?
сау кезінде – 625;
мас күйінде – 178;
басқа ауру күйі – 30,
токсикоманикалық интоксикация кезінде – 2.

Суицидке әкелетін факторлар:
жалғыздық – 29;
күрделі қаржылық жағдай (банкроттық, қарыздар) – 29;
қолайсыз өмір сүру шарттары – 5;
туыстарымен жанжалды қатынастар – 5;
жұбайымен жанжалды қатынастар – 3;
отбасылық қатынастардың үзілуі (ажырасу) – 7;
ауыр соматикалық аурулар – 15;
жақын адамның жоғалуы, қайтыс болуы – 3;
әлеуметтік мәртебесін (беделін) жоғалту – 1;
жазадан, ұяттан қорқу (қылмыстық жауапкершілік) – 1;
орнатылмаған – 253;
басқа да себептермен – 511.

Өз-өзіне қол жұмсау әдістері:
асылу – 639;
атыс қаруын қолдана отырып – 5;
тесетін және кесетін заттарды қолдана отырып – 52;
көлікті қолдана отырып – 1;
биіктіктен құлау – 35;
өзін-өзі өртеу – 1;
суға бату – 3;
улану – 48, оның ішінде тамақтан улану – 20, дәрі – 18, көміртегі тотығы – 3, пестицидтер 5;
басқалары – 50.
Өз-өзіне қол жұмсау орны:
көшеде – 57;
тұрғын ауданында – 465;
жұмыс орнында – 16;
медициналық мекемеде – 6;
қызмет көрсету орнында – 1;
жертөледе – 9;
басқа жерде – 280.

Өткен жылдың осы кезеңінде өз-өзіне қол жұмсау аз болған – 749 оқиға.


Өзгелердің жаңалығы