Токиода суға секіруден лицензиялық әлем кубогі басталады

30 Сәуір 2021, 10:45
1029
Бөлісу:
Токиода суға секіруден лицензиялық әлем кубогі басталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 мамыр күні Токиода суға секіруден FINA әлем кубогі басталады. Дүбірлі додада Олимпиада ойындарының жолдамасы да сарапқа салынады деп хабарлайды Olympic.kz.

Турнирге әлемнің 48 мемлекетінен 251 спортшы қатысады деп жоспарлануда. Спортшылар 3 метрлік трамплин мен 10 метрлік мұнарадан секіруден өзара жеңімпаздарды анықтайды.  

Жарыс жекелей және жұптық сын бойынша өтеді. Одан бөлек, 6 мамырға дейін жалғасатын жарыс Токио Олимпиадасының лицензияларын да үлестіреді.  

Суға секіруден әлем кубогінде Қазақстан атынан Елизавета Борова сынға түседі. 

Өзгелердің жаңалығы