Жыл сайын әскери қызметшілердің тамақтануына қанша қаржы бөлінеді?

30 Сәуір 2021, 15:15
1946
Бөлісу:
Жыл сайын әскери қызметшілердің тамақтануына қанша қаржы бөлінеді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Мұхамеджан Таласов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да Қарулы күштерде заттай мүлікпен қамтамасыз ету және тамақтандыруды ұйымдастыру туралы өткен брифингте айтты.

Мұхамеджан Таласов биыл азық үлесінің артуын есептегенде 22 млрд теңге бөлінгенін айтты.

Өз кезегінде Бауыржан Досмағамбетов әскерилерге қандай заттық мүлік берілетіні туралы айтып берді.

Әскери қызметшінің күн сайынғы тамақтануының құны әскерилердің қызметіне қатысты болады. Ең көп тараған түрі - жалпы әскерлік азық, оның құны 1713 теңгені құрайды. Азық үлесіне азық-түліктің 48 түрі енеді. Ол әртүрлі тамақ әзірлеуге мүмкіндік береді. Оған көкөніс, құс еті, сүт өнімдері мен дәрумендер кіреді, - деді Тыл бас басқармасының бастығы Бауыржан Досмағамбетов.

Ол әскерилерге заттай мүлік нормаға байланысты берілетінін айтты.

Киім-кешектер 4 түрге бөлінеді. Қыстық, жаздық және жаттығуларға арналған киім беріледі. Тамақтану бойынша олқылықтар болса, оны уақытында жоюға тырысамыз. Экономикалық сот арқылы арыз-шағымдар қаралады. Қазір тамақтандыруды жақсарту үшін планшеттік жүйені қарастырып жатырмыз,- деді ол.

Өзгелердің жаңалығы