Все новости за 25 желтоқсан 2020
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Коронавирусқа қарсы тұратын өнімдер тізімі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемде коронавирусқа қарсы вакциналар көбейіп келе жатқанына қарамастан, ғалымдар әлі де ауруға дәрі-дәрмектің көмегінсіз қарсы тұрудың жолын іздеп жатыр. Бұл туралы Daily Mail хабарлады.
-
Жуырда қазақ тілді анимациялық фильм көрерменге жол тартады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жуырда «Balapan» телеарнасынан балаларға арналған «Ақылды тентектер» анимациялық фильмі көрсетіледі.
-
Қазақстан Елшісі Астрахань облысының губернаторымен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астрахань облысына жұмыс сапарының барысында Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Ермек Көшербаев өңірдің губернаторы Игорь Бабушкинмен кездесті.
-
Сұлтанов: Бұл - отбасылардың тұрақты табысы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Нұр-Сұлтан КТО-да болды. Нысан "Continental Logistics" (қырқыншы темір жол станциясы ауданында) аумағында орналасқан. Министр логистикалық нысанның жұмыс істеп тұрған алаңдарын аралап, сауда-логистикалық кешеннің қазіргі жұмысымен танысты.
-
«Әулиеата үміті - 2020»: Үздік жастар марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына жастар да үлкен үлес қосуда. Әр түрлі салада жетістіктерге жетіп жүрген белсенді жастар «Әулиеата үміті – 2020» сыйлығымен марапатталды.
-
Мұхтардың алтын домбырасы музейге қойылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордадағы Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыка драма театрында «Алтын домбыра» жүлдесін Мұхтар Ниязовқа табыстау рәсімі өтті.
-
Сыртқы саяси зерттеулер институты бір жылдық жұмысын қорытындылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Сыртқы саяси зерттеулер институтты» АҚ-ның 2020 жылдағы жұмыс нәтижесінің қорытындысы туралы отырысы өтіп, оған Институттың Директорлар кеңесін басқаратын ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров және ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қатысты.
-
ПТР анықтамасыз келген 22 шетелдік азамат еліне қайтарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында ПТР анықтамасыз келген 22 шетелдік азамат депортацияланған. Бұл туралы ВАК хабарлады.
-
Әскери ғылымның қалі қалай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық қорғаныс университеті 16 ғылыми жоба бойынша жұмысты аяқтайды. Отандық қорғаныс кәсіпорындары және әлеуетті ведомстволар әзірлемелер нәтижелеріне қызығушылық танытуда.
-
Жолаушының сomfortы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы-Талдықорған тасжолының 20-шы шақырымында жол бойындағы қызмет көрсетудің заманауи COMPASS Comfort кешені ашылды. Бұл елдегі көлік инфрақұрылымын жақсартуға және осы саладағы қызмет көрсету деңгейін әлемдік стандарттарға жақындатуға мүмкіндік беретін жоспарлы 35 кешеннің алғашқысы.
-
Цой. Алдағы үш жылда медицина қызметкерлерінің жалақысы өседі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой іссапармен Павлодар облысына барды. Министр сапар барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру үшін арнайы кездесулер өткізді.
-
Ақтөбеде пәтер тонаған ұры ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 22 желтоқсан күні күндіз Ақтөбе қаласындағы Ақжар-2 тұрғын үйінде пәтер ұрлығы жасалған. Белгісіз адам үйдің пластикалық терезесін сындырып, кіріп зергерлік бұйымдар мен ақша ұрлап кеткен.
-
Шпекбаев: Бұл сіздің тағдырыңыз бен мансаптық өсуіңізге әсер етеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Ұлттық экономика министрлігі басшылығының кездесуі өтті. Негізгі күн тәртібі министрлік жетекшілік ететін салаларда жемқорлықтың алдын алу бағыты бойынша өзара іс-қимыл мәселелеріне бағытталған.
-
Маңғыстауда өрт сөндіру депосы ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатының басым бағыттарын іске асыру бойынша кешенді шаралар қабылдануда. Жаңа өрт сөндіру депосы Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылында ашылды.
-
Қайрат Нұртастың жұбайы «Әлем ханымы» атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әнші Қайрат Нұртастың жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова «Әлем ханымы 2020» байқауында жеңіске жетті.
-
«Ақ жолдықтар» Қостанайдағы кәсіпорын ұжымымен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Ақ жолдықтар» Қостанайда «Агрофирма Ирина и К» кәсіпорнының ұжымымен кездесті.
-
Бұдан былай бизнес азық-түлік бағасын өзі бақылайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Сауда және интеграция министрлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік пен дәрі-дәрмек бағаларына мониторинг және талдау жүргізу платформасын іске қосты.
-
Мақтааралда 70 шақырымға жуық каналдың құрылысы аяқталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов «ПУИД-2» жобасы бойынша ауданда құрылысы жүріп жатқан каналдар мен арық-атыздардың жұмысын бақылап қайтты.
-
«Ауыл» партиясы Ақтөбенің Алға ауданына барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін «Ауыл» партиясының мүшесі «Қазақ агротехникалық университеті» АҚ басқарма төрағасы Қ.Айтуғанов Ақтөбе облысы, Алға ауданына барды.
-
Алматының өндірістік паркіне 760 млн теңге инвестиция тартылды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша шағын және орта бизнес субъектілері үшін қолжетімді өнідірістік алаңдарды ұсыну масқатында өндірістік парктер құрылуда. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Мамин: Нұр-Сұлтан құрылысының сапасы үшін барлығын істеу керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Нұр-Сұлтан қаласының жаңа орталығының құрылысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті.
-
«Nur Otan» партиясының өкілдері Ақтөбеге барды
Алматы, BAQ.KZ. «Nur Otan» партиясының өкілдері Ақтөбе облысына келді. Партия мүшелері қала және ауыл тұрғындарымен, өнеркәсіптік кәсіпорындар ұжымдарымен, білім және денсаулық сақтау саласының өкілдерімен көптеген кездесулер өткізді.
-
Фейк: «Қазақстанда ҰОД ұйымы жұмыс істейді»
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазнетте аумақтық тұтастықты бұзу мен Қазақстанның Тәуелсіздігін жоюды мақсат еткен белгілі бір ҰОД ұйымының бар екендігі туралы хабарлама тарады. Әлеуметтік желілердегі ақпаратқа сәйкес, оның басшысы Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты Евгений Федоров.
-
Ауа райы. Алдағы қаңтар айы қалай болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет Қазақстан бойынша 2021 жылғы қаңтар айына арналған консультативтік ауа райы болжамын жариялады.
-
Отшашудың қауіптілігі түсіндірілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы жылдың желтоқсан айынан бастап республикалық «Пиротехника» іс-шарасы басталды, деп хабарлады Polisia.kz.
-
ҚХП өкілдері теміржолшылармен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Халық партиясы өкілдері «ҚТЖ» ҰК» АҚ Павлодар бөлімшесінің ұжымымен кездесті.
-
Көлік салығын төлеу мерзімдері өзгертілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. МКК баспасөз қызметі көлік салығын төлеу мерзімдерінің өзгергендігі туралы хабарлама таратты.
-
Ел тұрғындарының саяси белсенділігі артып келеді – сарапшы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 10 қаңтарында елімізде Мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы болады. Осыған орай, Шымкентте «Сайлау-2021: Саяси жаңғырудың жаңа кезеңі» атты дөңгелек үстел өтті.
-
ADAL партиясының өкілдері ЕҚЫҰ байқаушыларымен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кездесу басында ЕҚЫҰ / ДИАҚБ миссиясының басшысы, елші Ярослав Марцин Домански «ADAL» саяси партиясының өкілдеріне қабылдау үшін алғыс айтып, миссияның негізгі тобының мүшелерімен таныстырды.
-
Парламент қарауына мүгедектердің тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі заң жобасы түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Парламент Мәжілісінің қарауына мүгедектігі бар адамдардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын ұсынды, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
-
ШҚО-да сайлауды бейпартиялық байқаудың өңірлік орталығы кездесулер өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сайлауды бейпартиялық байқаудың өңірлік орталығының саяси партиялар өкілдерімен және жұртшылықпен кездесуі өтті.
-
Танымал волейболшы Сабина Алтынбекова тұрмысқа шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сұлулығымен танымал қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова тұрмысқа шықты.
-
СҚО-да полицияның 2 стационарлық бекеті қолданысқа берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. СҚО-да Жаңа жыл қарсаңында полицияның заманауи екі стационарлық бекеті ашылды, деп хабарлады Polisia.kz.
-
Алматыда жыл сайын Жаңа жыл түні 10-15 өрт оқиғасы тіркеледі
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін атқарушы Ерлан Әлібеков онлайн брифинг барысында айтты.
-
Алматыда Жазушылар одағының ғимаратын жөндеу жұмыстары аяқталды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің міндетін атқарушы Архат Омаров өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қаланың тарихи ғимараттарының келбетін сақтау жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы жайлы хабарлады.
-
Карантинде жұмыс істеген букмекерлік кеңсе анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сарыағаш ауданында полицейлер карантин кезінде жұмыс жасаған букмекерлік кеңсені анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Бізде симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен өтетін концерттер аз – Данияр Өтеген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОКҚ-де Disney-дің лицензиялық «Жұлдыздар шеруі» киноконцертінің алғашқы телевизиялық форматтағы тұсаукесері барысында әнші, «RinGo» тобының мүшесі Данияр Өтеген айтты.
-
Жылу тарифі қымбат қалалар анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жылу тарифі Атырау, Шымкент және Алматы қалаларында жоғары, деп жазды energyprom.kz.
-
Қазақстанда Disney киноконцерті өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ-де Disney-дің лицензиялық «Жұлдыздар шеруі» киноконцертінің алғашқы телевизиялық форматтағы тұсаукесері өтті.
-
Бизнес жобаларды қолдау аясында Алмалы ауданында 5 мыңға жуық жұмыс орны құрылды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. «2017 - 2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» бағдарламасына сәйкес: 4 819 азамат жұмысқа орналастырылды. Бұл туралы Алматы қаласы Алмалы аудан әкімінің міндетін атқарушы Архат Омаров онлайн брифинг барысында айтты.
-
Алматыдағы Алмалы ауданына биыл 96,9 млрд теңге инвестиция тартылған
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің міндетін атқарушы Архат Омаров онлайн брифинг барысында айтты.
-
Қазақстан жұртшылығы неліктен қайырымдылық қорларымен жұмыс істегісі келмейді?
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан халқының көпшілігі қайырымдылық қорларына сенім артпайды, оның себебін анықтау үшін еліміздің жеті қаласында зерттеу жұмысы жүргізілген. Бұл туралы «Аяла» қайырымдылық қорының вице-президенті Наталья Еськова айтып берді.
-
Қазақстанда 3D сот сараптамасы енгізілуі мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл сайын Қазақстанда 30 мыңға жуық аутопсия жүргізіледі.
-
Елдің басым бөлігінде күн суытып, -42 градус аяз болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге, яғни 26-28 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.
-
COVID-19. Қазақстан «сары» аймаққа кірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы жариялаған Қазақстан облыстарының эпидемиологиялық ахуалын бағалайтын матрицада айтылған.
-
Президент сыйлығын Аяз ата мен Ақшақар оқушылардың үйлеріне жеткізіп береді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты Президент пен Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің сыйлықтарын Аяз ата мен Ақшақар барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, оқушылардың үйіне жеткізіп береді.
-
Үшінші тоқсанда қолледж студенттері қалай оқиды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Екінші семестрден бастап кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарындағы 1 курстың 8223 студенті аралас форматта оқиды деп жоспарлануда. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде өткен онлайн брифингте Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова айтты.
-
Үшінші тоқсанда бір сабақтың уақыты 30 минуттан аспайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова мектептердің үшінші тоқсанды қалай оқитынын айтты.
-
Елордада монша, сауна мен массаж салондары қалай жұмыс істейді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде өткен онлайн брифингте Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева айтып берді.
-
Үшінші тоқсанда оқушылар қандай пәндерді мектепке барып оқиды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова үшінші тоқсанда оқушылар қандай пәндерді мектепке барып оқитынын айтты.
-
Елордада қоғамдық көліктер демалыс және мереке күндері жүретін болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада қоғамдық көлік мереке және демалыс күндері де жүретін болды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде өткен онлайн брифингте Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева айтты.
-
КВИ белгілері бар пневмонияның 154 жағдайы тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сoronavirus2020.kz сайты 2020 жылғы 25 желтоқсанда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жариялады.
-
Коронавирус пен пневмониядан 14 адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау баспасөз қызметі еліміздегі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2020 жылғы 25 желтоқсандағы ақпаратты жариялады.
-
Елордадағы жаңа Оқушылар сарайы қандай болады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда тағы бір Оқушылар сарайы салынады. Біріншісі оң жағалауда орналасқандықтан, қала тұрғындарының қалауы бойынша жаңа Оқушылар сарайы сол жағалауда орналасады.
-
Варна қаласындағы көшелердің біріне Абай есімі берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Болгариядағы Варна қаласындағы көшелердің біріне Абай есімін берді.
-
Теміртау мұражайы ерекше экспозициялар дайындады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теміртау өлкетану мұражайы барлық адамзатқа күрделі болған 2020 жылды ерекше шығарып салуды ұсынады. Барлық виртуалды және нақты келушілерді үш жаңалық күтеді.
-
Бүгін республиканың 4 қаласында қолайсыз метеожағдай күтіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 25 желтоқсан, жұма күні еліміздің 4 қаласында ауа сапасы ластануы мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
-
Өткен тәулікте 1302 адам коронавирустан емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 1302 адам коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Елімізде өткен тәулікте 736 адам вирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 736 адамда коронавирус індеті ПТР тестілеу арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
-
Жұма, 25 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік және оңтүстік циклондар жыраларының және соған байланысты атмосфералық ағындардың әсерінен республиканың басым бөлігінде қар жауып, жел күшейеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
-
Венгрия ғалымдары пластмассаны жоятын бактерияларды ойлап тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тың жаңалықты жергілікті екі жас ғалым ашты. Олардың осы микроағзалардан жасаған сұйықтығы кез келген пластмассаны бірнеше аптада ыдыратып жібере алады, деп хабарлайды «Хабар 24».
-
Шымкенттегі 13 мектепте кадет сыныбы ашылған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқушыларға құқықтық білім беріп, әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында қаладағы 13 мектеп жанынан кадет сыныбы ашылған. Бұл туралы Шымкент қалалық білім басқармасы мәлімдеді.
-
Ақтөбеде жоғалған жасөспірім жалдамалы пәтерден табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жоғалған жасөспірім Ақтөбедегі жалдамалы пәтерлердің бірінен табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Карантин талабын бұзған 912 дерек анықталды – Қызылорда облысы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында карантин басталғалы талапты бұзған 912 дерек тіркелді. Оның 543-і той жасау фактісі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте ОПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Бауыржан Ибраев мәлімдеді.
-
Қызылордада әйелдерге қарсы жасалатын қылмыс 27 пайызға азайған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында биылғы жылы әйелдерге қарсы жасалатын қылмыс 27 пайызға азайған. Жалпы әйелдерге қарсы жасалған қылмыстардың басым бөлігі отбасылық тұрмыстық жағдайда орын алған. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайты жазды.
-
Коростели ауылында балалар ойын алаңы ашылды – ШҚО
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысындағы Бородулиха ауданының Коростели ауылында балалар ойын алаңы ашылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz.
-
Шымкентте 6 нысанның жол-құрылыс жұмыстары аяқталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында 2020 жылы 261 нысан немесе 416,8 шақырым жол мен көшелер құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, оның 228 нысаны немесе 287,9 шақырым жол ағымдағы жылы пайдалануға берілген.
-
ШҚО-ның ішкі саясат басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің өкімімен Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының басшысы қызметіне Мұхамедчинов Азамат Маратұлы тағайындалды.
Наверх