Коростели ауылында балалар ойын алаңы ашылды – ШҚО

25 Желтоқсан 2020, 02:37
1645
Бөлісу:
Коростели ауылында балалар ойын алаңы ашылды – ШҚО

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысындағы Бородулиха ауданының Коростели ауылында балалар ойын алаңы ашылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

«Энергостройсервис» ЖШС жүргізген құрылыс жұмыстары қараша айының соңында аяқталған. Алаң салынып біткен соң мердігер компания демеушілік көрсетіп, өз есебінен алаңға жарық шамдарын орнатыпты.

Бұл жер енді ауылдағы 300-ден астам баланың сүйікті ойын алаңына айналады, – дейді Бородулиха әкімдік қызметкерлері.

Өзгелердің жаңалығы