Шпекбаев: Бұл сіздің тағдырыңыз бен мансаптық өсуіңізге әсер етеді

25 Желтоқсан 2020, 20:02
1314
Бөлісу:
Шпекбаев: Бұл сіздің тағдырыңыз бен мансаптық өсуіңізге әсер етеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Ұлттық экономика министрлігі басшылығының кездесуі өтті. Негізгі күн тәртібі министрлік жетекшілік ететін салаларда жемқорлықтың алдын алу бағыты бойынша өзара іс-қимыл мәселелеріне бағытталған.

Бейнеконференция байланысы арқылы өткен іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, ҚР ҰЭМ, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің және «Микрография ғылыми-зерттеу институты» РММ аумақтық бөлімшелері де қатысты.

Кеңесті ашқан Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде органның қағидаттық ұстанымды ұстанатынын атап өтті.

Бұл бағытта жүйелі және мақсатты жұмыс жүргізілуде, – деп атап өтті экономикалық ведомство басшысы.

Бизнес-үдерістерді функционалдық талдаумен және оңтайландырумен байланысты негізгі шаралармен қатар, қызметкерлер арасында адалдық және парасаттылық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бастамашылық жобалар іске қосылды.

ҰЭМ орталық аппаратында арнайы бөлімше – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасы құрылды. Бұдан басқа, әрбір бөлімшеде бір қызметкер «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңесшінің» міндеттерін орындайды. Мысалы, ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың орындалуын қамтамасыз ете отырып, шетелдік серіктестермен келіссөздерге қатысады. Органда мұндай 24 кеңесші  жұмыс істейді.

Жақсартуға ынталандыратын тағы бір құрал – «парасаттылық эстафетасы». Шын мәнінде, бір құрылымдық бөлімше сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша жұмысты орындап, этикалық стандарттарға сәйкестік деңгейін жоғарылатады, содан кейін кезекті жақсарту жұмыстары қажет басқа бөлімге береді.

Өз кезегінде Агенттік спикерлері министрлік қызметіндегі бірінші кезекте бақылау-рұқсат беру функцияларына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне назар аударды. Осы тұрғыда әрбір бөлімше бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу ауқымын, сапасын жеделдете арттырудың аса қажеттілігі белгіленді.

Агенттіктің талдаушылары негізгі қиындықтар мен олқылықтар Табиғи монополияларды реттеу комитетінде шоғырланғанын көрсетті. Бұл ретте экономиканың жекелеген салаларында бәсекелестіктің болмауы сөзсіз сыбайлас жемқорлықты тудыратыны атап өтілді.

Тараптар келесі жылдың бірінші жартысында ашықтық пен айқындық қағидаттарын ескере отырып, ведомстволық бақылауды арттыру мақсатында ұсынымдар мен нақты шараларды әзірлеуге бағытталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу туралы уағдаласты.

Алик Шпекбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалардың іске асырылу барысын жария ете отырып, дербес жауапкершілік туралы нормалар тұрғысынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуын әлсірететін басшыларға қатысты қағидаттық шешімдер қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.

Бұл көрсеткіш болашақта сіздің тағдырыңызға және мансаптық өсуіңізге әсер етеді. Бұл тұрғыда бірінші кезекте мемлекеттік қызметтерді, сондай-ақ тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бизнес-үдерістерді толық автоматтандыру және цифрландыру мәселелеріне ерекше назар аудару қажет, - деп атап өтті Агенттік төрағасы.

Ол сондай-ақ қызмет көрсетудің сервистік үлгісіне көшудің маңыздылығын еске салды. Сөз ҚР ТМРК аумақтық департаменттерінде көрсетілетін қызмет алушылар мен тұтынушыларға бағдарланушылық үшін қолайлы жағдайлар жасау туралы болып отыр.

Агенттік жанындағы арнайы мониторингтік топтың жетекшісі Айгүл Соловьева сарапшылар қауымдастығының атынан сөз сөйледі.

Министрлік қызметкерлері жұртшылық үшін ашылуы тиіс. «Ұлттық экономика министрлігі – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі оның құрамына және сараптамалық кеңеске азаматтық қоғам мен БАҚ өкілдерін тарту есебінен өзара іс-қимылдың тиімді алаңына айналуға тиіс - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы