Қызылордада әйелдерге қарсы жасалатын қылмыс 27 пайызға азайған

25 Желтоқсан 2020, 03:41
1603
Бөлісу:
Қызылордада әйелдерге қарсы жасалатын қылмыс 27 пайызға азайған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында биылғы жылы әйелдерге қарсы жасалатын қылмыс 27 пайызға азайған. Жалпы әйелдерге қарсы жасалған қылмыстардың басым бөлігі отбасылық тұрмыстық жағдайда орын алған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ОПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Бауыржан Ибраев айтты.

Жыл басынан тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған 615 тұлғаға әкімшілік жауапкершілік қарастырылса, 2472 азаматтарға қатысты қорғау нұсқамалары шығарылып жұбайымен қарым-қатынасқа шектеулер қойылды.

Бұл қылмыстардың алдын алу мақсатында «Зорлық-зомбылықсыз қоғам», «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ», «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» «Тұрмыс» жедел профилактикалық шаралары өткізіліп, шараға полиция қызметкерлерімен бірлесіп үкіметтік емес ұйымдар, волонтерлар және қоғамдық қор мүшелері жұмылдырылды.

Сонымен қатар балаларын тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндетін тиісті деңгейде орындамаған 74 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында оқушылар, ата-аналар мен ұстаздардың қатысумен онлайн түрде, яғни «ZOOM» байланысы арқылы дәрістер өткізілуде. Дәрістерге жалпы 900-ден астам тыңдаушылар қатысты, - деді Қызылорда ОПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Бауыржан Ибраев.

Кәмелетке толмағандар мен жастарға қарсы және олармен жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Жасөспірім», «Балалар түнгі қалада», «Ата-ана – Жасөспірім – Көше», «Тұрмыс», «Квадрат», «Учаске» профилактикалық іс-шаралары өткізілген.



Өзгелердің жаңалығы