Қазақстанда Disney киноконцерті өтеді

25 Желтоқсан 2020, 13:13
1741
Бөлісу:
Қазақстанда Disney киноконцерті өтеді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ-де Disney-дің лицензиялық «Жұлдыздар шеруі» киноконцертінің алғашқы телевизиялық форматтағы тұсаукесері өтті.

«Жұлдыздар шеруі» киноконцерті – «Болашақ» қоры Қазақстанда өткізетін Disney лицензияланған үшінші киноконцерт. Сондай-ақ, бұл Disney-дің ТМД-дағы TV-форматтағы алғашқы киноконцерті болмақ.

«Болашақ» корпоративтік қоры қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Шәйжүнісова жоба туралы айтып берді.

Бізге бұл салаға қалай келгеніміз туралы сұрақтар жиі қойылады. Өздеріңіз білесіздер, «Болашақ» корпоративтік қоры Бауыржан Байбектің бастамасымен құрылған. 2011 жылдың өзінде голливудтық 35-ке жуық фильм қазақ тіліне дубляждалды. 2 жыл бұрынғы Disney-дің өкілдерімен кездесу кезінде Қазақтанда бірінші рет киноконцерт өткізу мүмкіндігін алдық. Бірақ бұл үшінші концерт болғанымен, алғаш рет телевизиялық форматта ұйымдастырылып отыр, - деді ол.
Қазақстанда Disney киноконцерті өтеді

«Жұлдыздар шеруі» киноконцертінде» эстрадалық-симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен Disney мультфильмдерінің сүйікті әндерін қазақ тілінде жан дауыспен орындайды.  Disney-дің Қазақстандағы алғашқы киноконцерті 2018 жылы өткен болатын.

Киноконцерттің бір ерекшелігі – ол қазақстандықтар үшін арнайы жасалған жоба. Алғаш рет теледидар арқылы Disney фильмінің үздік әндерін тыңдай аласыздар. Киноконцерт бағдарламасына Disney-дің аңызға айналған 11 мультфильмінен қазақ тіліне аударылған 22 композициясы кірді. Атап айтсам, «Сұлу мен Құбыжық», «Аладдин», «Моана», «Мұзды өлке», «Арыстан патшасы», «Мулан», - деп атап өтті Динара Шәйжүнісова.
динара1.jpg

Айта кетейік, Disney киноконцертінде шырқалатын саундтректер 11 «Оскар» сыйлығын жеңіп алған.

Киноконцерт премьерасы 27 желтоқсан күні сағат 15.00-де «Astana TV» телеарнасында өтеді. Сондай-ақ 2021 жылы телеарнада киноконцерттің 5 көрсетілімі өтеді.



Өзгелердің жаңалығы