Маңғыстауда өрт сөндіру депосы ашылды

25 Желтоқсан 2020, 19:40
3074
Бөлісу:
Маңғыстауда өрт сөндіру депосы ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатының басым бағыттарын іске асыру бойынша кешенді шаралар қабылдануда. Жаңа өрт сөндіру депосы Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылында ашылды.

Қалыпты геологиялық жағдайларымен IVA және IVГ климаттық аудандары үшін V-ші типтегі 2 автомобилді кешеніне арналған өрт сөндіру депосының құрылысы 2019 жылдың маусымында басталып, ағымдағы жылдың 20 желтоқсанында аяқталды.

Өрт сөндіру депосы жалпы ауданы 8000 ш.м. жер учаскесінде орналасқан. Өрт сөндіру бөлімшесі 36 019 адам және 4573-тен астам тұрғын үйі бар  Басқұдық ауылының елді мекен тұрғындарын өрттен қорғауды қамтамасыз етеді.

Ашылу салтанатына Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Қашақов, Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Нурлыбек Жолбаев, Басқұдық ауылы әкімі Жамбыл Құрманов, Маңғыстау облысы ТЖД бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Мұрат Мұханов, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері және басқа да құрметті қонақтар қатысты.

Мұнайлы ауданының тұрғындары үшін өрт сөндіру депосын ашудың маңыздылығы айдан анық. Бүгінгі күнге дейін өртке қарсы паналауды қамтамасыз еткен жақын жердегі өрт сөндіру бөлімінен объектілерге дейінгі орташа қашықтық 10 километрден асады. Елді мекендерде өрт инфрақұрылымын дамыту жөніндегі бұл іс-шаралар өңірде өрт қауіпсіздігін күшейтуге ықпал етеді.

Мердігер - «Өркен-1» ЖШС директоры Исатай Сақтағанов Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің бастығы Назарали Селимовке өрт сөндіру депосы ғимаратының символдық кілтін табыстады.

Жаңа өрт сөндіру депосында елу сегіз кәсіби өрт сөндіруші қызмет етеді. Жаңа өрт сөндіру депосының заманауи материалдық базасы халықаралық стандарттарға сай келетін өрт сөндіру техникасымен және жабдықтарымен, сондай-ақ ыңғайлы қызметтік және тұрмыстық үй-жайлармен жабдықталған үлгілік жоба бойынша әзірленді. Жеке құрам да шетте қалған жоқ: бөлімде жеке құрамның толыққанды тұрмысы мен демалысы, кәсіби даярлық және дене шынықтыру сабақтары үшін барлық жағдайлар жасалған. Жеке құрамның кәсіби дайындығын арттыру үшін оқу-жаттығу мұнарасы, 100 метрлік кедергілері бар жолақ, сондай-ақ баскетбол-волейбол алаңы бар.

Жарық абаттандырылған ғимаратта өрт сөндірушілердің тәулік бойы кезекшілігі үшін қажеттінің бәрі бар – оқу сыныбы, демалыс бөлмесі, ас бөлмесі, басшы құрамға арналған кабинеттер, техникалық үй-жайлар. Тұрғын үй-тұрмыстық проблемаларды шешу үшін тұрғын үй-жайлар мен балалар алаңы көзделеді. Ауқымды гаражда заманауи өрт сөндіру техникасы орналасқан.

Жаңа кезең талабына сай туғызылған жағдайларда өрт сөндірушілерге халықты өрттен және төтенше жағдайлардан қорғау жөніндегі міндеттерді орындау оңтайлы болмақ.

Өзгелердің жаңалығы