Әскери ғылымның қалі қалай?

25 Желтоқсан 2020, 21:21
1912
Бөлісу:
Әскери ғылымның қалі қалай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық қорғаныс университеті 16 ғылыми жоба бойынша жұмысты аяқтайды. Отандық қорғаныс кәсіпорындары және әлеуетті ведомстволар әзірлемелер нәтижелеріне қызығушылық танытуда.

Жобалар  гранттық және бағдарламалық нысаналы қаржыландыру конкурсы шеңберінде орындалды. Олар ғылыми теориялық зерттеулер мен практикалық әзірлемелерді іске асыруға бағытталған. Зерттеу нәтижелерін барлық әлеуетті ведомстволардың мүддесінде пайдалану және еліміздің қорғаныс өнеркәсібі кешені кәсіпорындарында іске асыру болжануда.

Әскери ғылымның қалі қалай?
Қазіргі заманғы жанжалдарда, атап айтқанда Сирияда ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану тәжірибесі жеке ҰҰА-ны әзірлеу қажет екенін дәлелдеді.  Әскери ғалымдар барлаушы дрондарды ғана емес, сондай-ақ соққы беруші ұшқышсыз ұшу аппараттарын да броньды техникаға және қарсыластың адам күшіне қарсы тиімді қару ретінде пайдалануға талдау жүргізді. Олар «Шағала» деп аталатын барлау ұшқышсыз ұшу аппаратының тәжірибелік үлгісін әзірледі. Ол байланыс арнасын қорғаудың бағдарламалық-аппараттық құралымен, ұшқышсыз ұшу аппараты мен басқару жүйесі арасындағы қорғалған байланыстың жеке криптографиялық хаттамасымен, тікелей және кері қорғау арқылы жасалып кепілдендірілген құпия кілтпен жарақтандырылған. Осының барлығы –  әскери ғалымдардың әзірлемелері.

Эксперименттік модель зауыттық және полигондық сынақтар кезеңдерінен өтеді. Ғылыми жұмыс нәтижелері патенттеліп, тәжірибелік әскери пайдалану аяқталған соң барлық жұмыстар қорғаныс өнеркәсібі кешеніне берілетін болады. «Шағаланы» сериялық шығару үшін отандық қорғаныс өнеркәсібі кешенінің мүмкіндіктерін ескере отырып, Қарулы Күштердің оқу орындарында және бөлімдерінде енгізу үшін техниктер мен операторларға қызмет көрсету және оларды оқыту бағдарламалары, сондай-ақ ҰҰА операторларын жауынгерлік даярлау курсы әзірленді. Қазақстанда әзірленген ұшқышсыз ұшу аппараттары өндіріске енгізілген жағдайда олардың құны шетелдік аналогтардан бірнеше есе арзан болады.

Отандық ұшқышсыз ұшатын аппарат барлау-оқ ату (соққы беру) кешені элементтерінің бірі бола алады. Оларды қолдану бойынша егжей-тегжейлі талдау жүргізілді.

Әскери ғылымның қалі қалай?

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, барлау, басқару және оқ атумен зақымдау құралдары үйлестірілген дәлдігі жоғары қару анағұрлым тиімді. Әзірлеу шеңберінде әскери ғалымдар отандық қорғаныс өнеркәсібі кешенінің әлеуетін пайдалана отырып, жеке барлау-соққы беру кешенін жасау бойынша бірқатар нақты ұсыныстар енгізді.

Армияны цифрландыру шеңберінде арнайы мақсаттағы геоақпараттық платформа әзірленді. Жоба спутниктерді, қағаздағы және электрондық карталарды қоса алғанда, әртүрлі дереккөздерінен ақпаратты жинауға мүмкіндік беретін қамтамасыз ету бағдарламасы болып табылады. Бағдарлама ақпаратты толықтырады, оны жаңартады, цифрлық форматтан 3D-ға ауыстырады. Оның ерекшелігі әскерлерді әртүрлі жағдайда қолдануды көрнекі етуге қабілетті. Бұл олардың ұтқырлығын және командирлер мен штабтардың шешім қабылдау жеделдігін арттырады. Геоақпараттық жүйе Қарулы Күштер үшін де, елдің басқа да әлеуетті құрылымдар үшін де пайдалы.

Гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында құрылған Ұлттық қорғаныс университетінің технопаркінде толыққанды жұмыс істейтін екі зертханадан (3D прототиптеу зертханасы және аддитивті өндіріс зертханасы) және машина жасаудағы беткі қабаттың инженерия орталығынан тұратын тәжірибелік инжинирингтің әскери ғылыми-технологиялық желісі құрылды. Бұл орталық бөлшектердің тозуға төзімділігін арттыру бойынша жұмыстарды жүргізуге арналған.

Әскери зертханада ультрадыбыстың көмегімен жаңа технологияны қолдана отырып жасалған ерекше бүрку бетке қабатына қолданылады.  Әскери ғалымдар әзірлеген технология, балқытылған металл бөлшектерінің ағында 500 м/с жоғары жылдамдықпен қозғалуына және жоғары беріктігі бар жабындарды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл бүрку бөлшектің қызмет мерзімін едәуір ұзартады және төзімділігін арттырады. Айта кетейік, ғалымдардың атқарған жұмыстары отандық қорғаныс өнеркәсібі кешендерінің кәсіпорындарына беріледі және қару пайдаланылатын болады. Тағы бір өнертабыс түрі – ішкі жану қозғалтқыштарындағы жанғыш қоспаны байыту үшін арнайы сутегі қондырғысы. Бұл жоба отынды айтарлықтай үнемдеумен, әскери техниканың экологиялық тазалығын да арттыруға мүмкіндік береді. Одан басқа, бұл қондырғы қосарланған мақсаттағы өнім болып табылады, ол тек әскери салада ғана емес, сонымен қатар азаматтық салада да қолданыс табатын болады.

Ұлттық қорғаныс университеті Әскери ғылыми-зерттеу орталығының базасында ИРБИС ақпараттық жүйесінің интеллектуалдық реинжинирингтік базасын білдіретін ақпараттық талдауды қамтамасыз ету және мониторингілеу орталығы құрылды. Жобада қарулы күштерді материалдық-техникалық қамтамасыз етудің барлық базасы бірыңғай кешенге біріктірілген. Бұл – Қазақстанның Цифрлық армиясын құруға жасалған үлкен қадам.

Әскери ғылымның қалі қалай?

ИРБИС-тің негізін төрт ақпараттық  жүйе құрайды: материалдық-техникалық қамтамасыз ету, әскери мақсаттағы өнім мен жабдықтау заттарын каталогтау, әскери стандарттардың электрондық каталогы және ішкі талдау жүйесі. Бүгінгі күні бұл әзірлеменің баламасы жоқ.

Жобаны пайдалану шығындарды азайтуға және техниканы әзірлеу мен жасау мерзімін 20-30%-ке төмендетуге, осыған ұқсас өнімдер мен талап етілетін қасиеттерді анықтау үшін жабдықтау заттарына салыстырмалы талдау жүргізуге еңбек шығынын 10-15 есе азайтуға, жабдықтау заттарын сатып алу кезінде жұмыс тиімділігін 20%-ке арттыруға, қосалқы бөлшектер мен материалдарды ұстауға арналған шығындарды 15%-ке дейін, сондай-ақ техниканы қалпына келтіру жеделдігіне шығындарды 20% -ке қысқартуға мүмкіндік береді.

Әскери ғалымдар қазіргі заманғы қарулы жанжалдарға зерттеулер жүргізді, қалалық жерлерде, гибридті соғыстар мен арнайы операциялар жағдайында заңсыз қарулы құралымдарға қарсы жауынгерлік іс-қимылдар тактикасын өзгерту бойынша ұсыныс жасады. Ұсыныстар әскери оқу-жаттығуларда табысты сыналды.

16 ғылыми жоба аясында робот-техника саласында да жұмыс жүргізілді. Экипажсыз катер мен автономды иесіз суасты аппаратын жасау бойынша техникалық құжаттама дайындалып шығарылды. Жуырда Қазақстанда шығарылған робот-техника кешендерін жасау саласында тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар басталады.

Барлық жоба жетекшілерінің үлкен тәжірибесі мен ғылыми дәрежелері бар мамандар екенін атап өту қажет. Зерттеу топтарының құрамына әскери ғалымдар мен азаматтық ғылым өкілдері де кірді.

Ғылыми жобалар мен бағдарламаларды іске асырудың қорытындысы бойынша Ұлттық қорғаныс университеті 9 оқу құралын, оқу процесінде пайдаланылатын 15 монография шығарды, шетел және отандық басылымдарда 250-ден астам ғылыми мақала, оның ішінде 44-і жоғары деңгейдегі шетел басылымдарында жарияланды. Әлеуметтік зерттеулер, конференциялар өткізіліп, тәжірибелік ұсынымдар әзірленді. Бұл әзірлемелер мен пайдалы техникалық модельдерге 5 патент, авторлық құқық пен зияткерлік меншік туралы 22 куәлік алынды.

Өзгелердің жаңалығы