Бизнес жобаларды қолдау аясында Алмалы ауданында 5 мыңға жуық жұмыс орны құрылды

25 Желтоқсан 2020, 12:53
1876
Бөлісу:
Бизнес жобаларды қолдау аясында Алмалы ауданында 5 мыңға жуық жұмыс орны құрылды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. «2017 - 2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» бағдарламасына сәйкес: 4 819 азамат жұмысқа орналастырылды. Бұл туралы Алматы қаласы Алмалы аудан әкімінің міндетін атқарушы Архат Омаров онлайн брифинг барысында айтты.

Жаңа нысандарды ашу, шағын және орта бизнесті дамыту есебінен 4 675 жаңа жұмыс орны құрылған. Аудан бойынша орташа жалақы 239 мың теңге.

Сондай-ақ, Архат Омаров аудандағы аз қамтылған отбасылар мен осал топтарға қолдау көрсетіліп келе жатқанын атап өтті.

311 аз қамтылған отбасыға 142,8 млн теңге атаулы әлеуметтік көмек төленді. Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі жобалар табысты іске асырылуда. «Бақытты отбасы» отбасын қолдау орталығы арқылы жыл басынан бері 18 445 қызмет көрсетілді, 764 офлайн курстар, 4500 онлайн курстар өткізілді, 500 адам «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздері бойынша курстарда оқыды, 205 адам 200 АЕК мөлшерінде гранттар алды, оның ішінде 121-і көпбалалы отбасы,-дейді Омаров.

Орталықта барлығы 1475 көп балалы және аз қамтылған отбасы тіркелген екен. 2020 жылы халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған «ІСКЕР АНА» тігін цехы ашылған. Сонымен қатар, «Жұлдыз» базарының әкімшілігі кондитерлік өнімдерді сату үшін сауда орнын, «Барыс» базарын шаруашылық тауарларын сату нүктесін бөліпті.

Жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері бойынша «Almaly» Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды, ашылған күннен бастап 730 азамат 4800 қызмет алды,-деді ол.

Өзгелердің жаңалығы