Жұма, 25 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

25 Желтоқсан 2020, 07:40
1725
Бөлісу:
Жұма, 25 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік және оңтүстік циклондар жыраларының және соған байланысты атмосфералық ағындардың әсерінен республиканың басым бөлігінде қар жауып, жел күшейеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Кей жерде тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстікте және шығыста жаяу бұрқасын соғады, оңтүстікте көктайғақ болуы ықтимал. Тек еліміздің батысы мен оңтүстік-шығысында антициклон жотасының ықпалынан күн райы ашық болады.

Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жаяу бұрқасын соғады, Ақмола, Павлодар облыстарында тұман түсуі мүмкін. Түркістан облысының кей жеріне тұман түседі, көктайғақ болады, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, түнде және таңертең Алматы облыстарының кей жеріне тұман түседі, Жамбыл облысында көктайғақ болуы ықтимал.

Түнде Алматы, Маңғыстау облыстарының кей жерінде қатты аяз болады.


Өзгелердің жаңалығы