Қазақстан жұртшылығы неліктен қайырымдылық қорларымен жұмыс істегісі келмейді?

25 Желтоқсан 2020, 12:29
1312
Бөлісу:
Қазақстан жұртшылығы неліктен қайырымдылық қорларымен жұмыс істегісі келмейді?

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан халқының көпшілігі қайырымдылық қорларына сенім артпайды, оның себебін анықтау үшін еліміздің жеті қаласында зерттеу жұмысы жүргізілген. Бұл туралы «Аяла» қайырымдылық қорының вице-президенті Наталья Еськова айтып берді.

Бұл зерттеудің нәтижесі біз күткендегідей болды, адамдардың кейбірі алаяқтарға алданған. Бұл - үлкен мәселе, өйткені әлеуметтік желіде қордың атын жамылып, қаражат жинап отыратындар жиі кездеседі. Оған қоса нақты қорлардың ісі баспасөз беттерінде көп жариялана бермейді, сондықтан көпшілік олардың немен айналысатынан бейхабар, - дейді қордың вице-президенті. 

Оның айтуынша, «Аяла» қайырымдылық қорының мақсаты - Қазақстандағы сәбилер, балалар өлімі мен мүгедектігін қысқарту.

Біздің қор тек жекелеген адамдарға ғана көмектесіп қоймайды, ауқымы кең өзекті мәселелерді қозғайды. Бұған дейін балалар арасында өлімнің өсуіне қатысты дабыл қағып, осы бағытта жұмыс істедік. 2015 жылдан бері балалар арасындағы өлім-жітім азайды. Осындай өзекті мәселеге үлес қосып жатқанымызды халық біле бермейді. Қазіргі біздің қамқорлығымыздың күші Балалардың медициналық мекемелері мен білім беру мекемелеріне бағытталған. Яғни, Қазақстанда сәбилер мен балалар өлімін және мүгедектігін қысқарту, балалар ауруханаларының, перинаталдық орталықтарының және перзентханаларының дәрігерлерін оқытуға және олардың біліктілігін арттыруға көмек көрсету, балалар үйлері мен мектеп-интернаттарға, оның ішінде тәрбиеленушілерге кәсіптік бағдарлау саласында көмек көрсету, - дейді Наталья Еськова.

Қордың барлық жобалары мен бағдарламаларының басты бенефициарлары, бұл олардың өмір сүру сапасын сақтауға және жақсартуға, денсаулығын нығайтуға, әлеуметтік бейімделуге және білім алуға көмектесуге бағытталған.

2007 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан қор осы уақыт ішінде ірі компаниялардан демеушілік көмек ретінде, сондай-ақ жеке тұлғалардан қайырымдылық қаражаты түрінде 3,3 млрд теңгеден астам қаражат тарта білген. Бұл қаражатқа еліміздің 66 қаласы мен елді мекендерінде 242 мемлекеттік балалар денсаулық сақтау және білім беру мекемелеріне көмек көрсетіліпті. «Тыныс ал, балақай», «Өмір сыйлайық», «Мен де өмір сүргім келеді» сынды жобалардың арқасында он мыңдаған баланың өмірі құтқарылған.

Өзгелердің жаңалығы