Алматыда жыл сайын Жаңа жыл түні 10-15 өрт оқиғасы тіркеледі

25 Желтоқсан 2020, 14:26
1641
Бөлісу:
Алматыда жыл сайын Жаңа жыл түні 10-15 өрт оқиғасы тіркеледі

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін атқарушы Ерлан Әлібеков онлайн брифинг барысында айтты.

Алматыда жыл сайын Жаңа жыл қарсаңында 10-15 өрт оқиғасы тіркеледі. Оның 30 пайызы пиротехниканы дұрыс пайдаланбағандықтан болады. Соңғы 5 жылда болған 76 өрттің 16-сы осы пиротехниканы дұрыс қолданбаудан болған. Мәселен, былтыр Жаңа жыл түні 13 өрт болды, оның 5-уі пиротехника салдарынан болды,-дейді ол. 

Сонымен қатар ол  тұрғындар осы отшашу құраладарын дұрыс пайдаланбағаннан әртүрлі жарақат алатынын айтты.

2019 жылы жаңа жыл түні 4 адам пиротехниканың салдарынан зардап шеккен, оның үшеуі бала. 2015 жылдан бері 142 адам зардап шеккен. Әсіресе пиротехниканың адам қолында жарылуы, оның шоғы көзге түсуі, бет-әлпетің күй сияқты жағдайлар көп кездеседі. Осыған байланысты қазір Алматы Полиция департаменті қызметкерлерімен бірігіп оқыс оқиғаның алдын алу үшін үгіт-насиқат, рейд жұмыстарын жүргізіп жатырмыз,-дейді Ерлан Әлібеков. 

Мекеме бүгінге дейін 40 рейд өткізген, нәтижесінде 826 келі сертификатталмаған пиротехникалық өнімдер тәркілген.

Өзгелердің жаңалығы