COVID-19. Қазақстан «сары» аймаққа кірді

25 Желтоқсан 2020, 11:46
1400
Бөлісу:
COVID-19. Қазақстан «сары» аймаққа кірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы жариялаған Қазақстан облыстарының эпидемиологиялық ахуалын бағалайтын матрицада айтылған. 

Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мәліметіне сәйкес, 25 желтоқсандағы жағдай бойынша Атырау облысы әлі де «қызыл» аймақта. 

Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қостанай, Ақмола, СҚО, Павлодар облыстары «сары» аймақта орналасқан. 

Осы күнге дейін «сары» аймақта болған БҚО-да «жасыл» аймаққа өткен.

Қалған өңірдің барлығы «жасыл» аймақта.

Матрицаның дерегі бойынша Қазақстан «сары» аймаққа енген.

COVID-19. Қазақстан «сары» аймаққа кірді

Өзгелердің жаңалығы