Отшашудың қауіптілігі түсіндірілді

25 Желтоқсан 2020, 16:37
2239
Бөлісу:
Отшашудың қауіптілігі түсіндірілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы жылдың желтоқсан айынан бастап республикалық «Пиротехника» іс-шарасы басталды, деп хабарлады Polisia.kz. 

Іс-шара аясында Түркістан облысы аумағындағы полицейлер рейдтік жұмыстарды күшейтті. Адам өміріне қауіпті саналатын отшашуларды болдырмау үшін Ордабасы аудандық полиция бөлімінің полицейлері аудан аумағындағы сауда орындарын аралап, арнайы сақтандыру нұсқаулығы бар жадынамаларды таратуда. Оған қоса оның зардабы да жіті түсіндірілді.  

Себебі Жаңа жыл жақындаған сайын мерекелік отшашулардың саудасы қызып, пиротехникалардың көбі заңсыз сатылады. Ал оның салдарынан абайсызда денсаулықтарына зақым келтіретін қарапайым адамдар қатары көбейеді. Тағы да айта кететін жайт, қауіпті індеттің әлі де таралып жатқанына байланысты басқосулар мен той-жиындар, адамдар көп жиналатын өзге де іс-шаралар мен мерекені атап өту үшін адамдарды жинап іс-шара жасауға, ұйымдастыруға тыйым салынады, - делінген ақпаратта.
«Пиротехника» шарасы қаңтар айының 10-на дейін жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы