«Nur Otan» партиясының өкілдері Ақтөбеге барды

25 Желтоқсан 2020, 17:17
1202
Бөлісу:
«Nur Otan» партиясының өкілдері Ақтөбеге барды

Алматы, BAQ.KZ. «Nur Otan» партиясының өкілдері Ақтөбе облысына келді. Партия мүшелері қала және ауыл тұрғындарымен, өнеркәсіптік кәсіпорындар ұжымдарымен, білім және денсаулық сақтау саласының өкілдерімен көптеген кездесулер өткізді.

Ақтөбе қаласының дәрігерлерімен кездесуде денсаулық сақтау жүйесін дамытудың негізгі басымдықтары талқыланды. 

Ақтөбе облысында партия консультативті-диагностикалық бөлімі бар перинатальдық орталықтың, туберкулез диспансерінің, Қарғалы қалалық ауруханасы мен қалалық балалар клиникалық ауруханасына іргелес жапсаржайлар құрылысын аяқтауға ықпал етпек.

Сондай-ақ, «Nur Otan»  өкілдері Алға ауданы Маржанбұлақ ауылының тұрғындарымен кездесті. Мұнда мектеп салу, көшелерді жарықтандырып, сумен қамту жүйесін кеңейту жоспарлануда.

Сапар барысында нұротандықтар темірбетон өнімдерін шығаратын Ақтөбедегі «СтройДеталь» зауытына барып, өңірді дамытудың өзекті мәселелерін талқылады.

Өзгелердің жаңалығы