ADAL партиясының өкілдері ЕҚЫҰ байқаушыларымен кездесті

25 Желтоқсан 2020, 15:32
2249
Бөлісу:
ADAL партиясының өкілдері ЕҚЫҰ байқаушыларымен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кездесу басында ЕҚЫҰ / ДИАҚБ миссиясының басшысы, елші Ярослав Марцин Домански ADAL саяси партиясының өкілдеріне қабылдау үшін алғыс айтып, миссияның негізгі тобының мүшелерімен таныстырды. 

Біз сіздің елге 6 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің шақыруымен ЕҚЫҰ мүшелері ретінде келдік. Біздің басты міндетіміз – Қазақстанның белгілі бір міндеттері болғандықтан, осы жерде болған кезде бұл процестің халықаралық нормаларға қаншалықты сәйкес келетінін талдайтын боламыз, - деді Ярослав Домански.

доман1.jpg

Миссия өкілдері ребрендинг, ADAL партиясының құрамы, оның бағдарламасы және партияның міндеттері туралы бірқатар сұрақ қойды. Партия өкілдерінен толық жауаптар алғаннан кейін тараптар бүкіл сайлау кезеңі ішінде белсенді өзара іс-қимыл жасау туралы уағдаласты.



Өзгелердің жаңалығы