«Ауыл» партиясы Ақтөбенің Алға ауданына барды

25 Желтоқсан 2020, 18:18
1506
Бөлісу:
«Ауыл» партиясы Ақтөбенің Алға ауданына барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін «Ауыл» партиясының мүшесі «Қазақ агротехникалық университеті» АҚ басқарма төрағасы Қ.Айтуғанов Ақтөбе облысы, Алға ауданына барды.

Ол осы ауданға қарасты бірқатар ауылдық елді мекендерде болып, «Реимкул» шаруа қожалығының ұжымымен кездесті.

«Реимкул» ШҚ - астық өндірумен және асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысатын Алға ауданының ірі агрофирмасы. Кәсіпорын 100-ге жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етеді, орташа жалақы деңгейі 120 мың теңгеден асады.

Қайрат Айтуғанов ауыл тұрғындарының әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту жұмыс беруші кәсіпорынның табыстылығына, мал басының өсуі мен өсімдік шаруашылығындағы өнімділігіне байланысты екенін атап өтті. Осы аспектіде ҚазАТУ басқарма төрағасы «Реимкул» ШҚ ұжымына Қазақстанда сынақтан өткен ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалана отырып танаптарды зондтау, топырақты кешенді агрохимиялық зерттеп қарау және нақты егіншіліктің басқа да элементтерін барынша пайдалануды ұсынды. Мал шаруашылығында шаруашылық жүргізуші субъектілер ауыл шаруашылығы жануарларын селекциялау, күтіп-бағу және азықтандыру бойынша университет әзірлеген технологияларды, сондай-ақ табынды басқару үшін цифрлық өнімдерді пайдалана алады.

Өзгелердің жаңалығы