Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің міндетін атқарушы Архат Омаров онлайн брифинг барысында айтты.
Алмалы ауданы қаланың білім беру, ғылыми және мәдени орталығы ауданның басты ресурсы - адамдар, сондай-ақ дамыған бизнестің орталығы, қажетті еңбек, тұтыну және инфрақұрылымдық әлеуетке ие.
Биыл 15 желтоқсанға дейінгі жағдай бойынша мемлекеттік бюджетке түсімдер 452,9 млрд теңгені құрады. Қаңтар-қараша айларында негізгі капиталға инвестициялар 96,9 млрд теңгені немесе өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 113,4% құрады, - дейді ол.
Ауданда өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 154,3 млрд теңгені құраған. Ауданның негізгі өнеркәсіптік әлеуеті «Бахус» АҚ, «Евразиан Фудс Корпорейшн» АҚ, «АЗТМ» ЖШС, «Нобел» АҚ, «RG Brands Kazakhstan» ЖШС Алматы қаласындағы Tealand филиалы компанияларымен ұсынылған.
Дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру шеңберінде және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қолдауға бағытталған қала әкімінің тапсырмасын орындау үшін кәсіпкерлерді сауықтыру және мемлекеттік қолдаудың басты құралы - қаржыландыру бағдарламалары. Жалпы Алмалы ауданы бойынша биыл 9,2 млрд теңгеге 104 жоба қаржыландырылды, - деді Омаров.