Алматыда Жазушылар одағының ғимаратын жөндеу жұмыстары аяқталды

25 Желтоқсан 2020, 14:10
2030
Бөлісу:
Алматыда Жазушылар одағының ғимаратын жөндеу жұмыстары аяқталды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің міндетін атқарушы Архат Омаров Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қаланың тарихи ғимараттарының келбетін сақтау жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы жайлы хабарлады. 

Мысалы, осы жылы көппәтерлі үйлердің 69 қасбетіне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жөндеу жұмыстарының барлық түрлері, соның ішінде бояу және т.б. жүзеге асырылды, келесі жылы Алмалы ауданында 50 үйдің қасбеттерін жөндеу жұмыстарымен қамту жоспарлануда.

Сонымен қатар, мәдени ортаны дамыту мақсатында Жазушылар одағының ғимаратын жөндеу, № 4 кітапхана мен Чехов атындағы қалалық кітапхананы жаңғырту жұмыстары аяқталды. 

Абылай хан даңғылында орналасқан Жазушылар одағының тарихи ғимараты бойынша жұмыстар 2019 жылы басталды. Бүгінгі таңда барлық жұмыстар 100% аяқталды. Күрделі жөндеу жұмыстары аясында шатыр, желі және ішкі әрлеу толығымен жөнделді, - деді Архат Омаров.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қазақ ақыны, журналист және редактор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет Алматы қаласының әкімдігіне инфрақұрылымды жаңғырту мәселесін шешкені үшін алғыс білдірген болатын. Оның айтуынша, жөндеу жұмыстары Жазушылар үйінің негізгі ғимаратында да, мәжіліс залында да жүргізілген.

Өзгелердің жаңалығы