Все новости за 23 желтоқсан 2020
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Шымкентте 31 мыңға жуық отбасыға атаулы әлеуметтік көмек төленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында биыл 11 айда 31 мыңға жуық отбасыға атаулы әлеуметтік көмек төленді. Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, бұл мақсатқа биылғы жылы республикалық және жергілікті бюджет есебінен жалпы 17,9 млрд теңге бөлінген.
-
ШҚО-да учаскелік полицейлер екі мыңға жуық қылмысты ашты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының учаскелік полицейлері жыл басынан бері 1 800 қылмысты ашқан.
-
Жамбылда құрбысының үйінен жарты млн теңге ұрлаған әйел ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында тұрғынның үйінен 500 мың теңге ұрланды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Cот орындаушылары Bek Air жолаушыларының ақшасын өндіруге көмектеседі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың ақпан айынан бастап ҚР Сауда және интеграция министрлігінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитеті (бұдан әрі - Комитет) Bek Air әуекомпаниясына Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотына 4 талап арыз берді.
-
Жұмыспен қамту: Қызылордада 291 жобаға 40 млрд теңге бөлінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңірде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы сәтті жүзеге асуда, деп мәлімдеді Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Жанар Дәулетбаева.
-
Жер қойнауын пайдаланушыға арналған алғашқы аукцион 61 млрд теңге түсім әкелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда көмірсутектерді барлау және өндіру құқығына арналған алғашқы онлайн аукцион өтті, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
-
Әскери-әуе күштері жойғыш ұшақтармен толықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеңес Одағының батыры Нүркен Әбдіров атындағы Қарағанды авиациялық базасына жаңа көп мақсатты Су-30СМ ұшақтар буыны әкелінді.
-
«Самғау» жастар сыйлығының иегерлері анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев тоғызыншы мәрте ұйымдастырылған «Самғау» жастар сыйлығының иегерлерін марапаттады. Бұл туралы Қызылорда қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қазақстан Тәжікстанға 100 мобильді ӨЖЖ аппаратын жіберді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Тәжікстанға автокөлікпен «Көкшетау-4П» өкпені жасанды желдету мобильді аппараттарының 100 жиынтығын жіберді.
-
Ақжолдықтар Семейде баспагерлермен кездесу өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Ақ жол» партиясы өкілдері «Казполиграф» ЖШС ұжымымен кездесті.
-
Павлодар облысында 4 балабақша карантинге жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінгі күні облыс көлемінде балабақшаға баратын балалар арасында КВИ-нің 77 жағдайы және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметкерлері арасында 54 жағдай тіркелді.
-
Енді студенттер студенттік билет ұстамайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың желтоқсанынан бастап жоғары оқу орындары мен колледждердегі білім алушылардың студенттік билеттері электронды форматқа ауыстырылды.
-
Сайлау-2021: Атырауда байқаушылар дайындық барысын талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сайлауды бейпартиялық байқау орталығының ұйымдастыруымен партия және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері бас қосты.
-
Өңірлерде азық-түлікке шекті баға енгізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңірлердің әкімдіктері тарапынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне кіретін азық-түлік өнімдерінің құнының өсуіне әсер ету орын алды.
-
Ауа райы. 6 облыста ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 24 желтоқсан күнгі ауа райына байланысты еліміздің бірнеше облысында дауылды ескерту жариялады.
-
Алматы облысында автобус жүргізушісін ұрғандар ұсталды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысында соңғы аялдамада автобус жүргізушісін соққыға жыққан екі адам ұсталды. Бұл туралы Алматы облысы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қазақстандағы Корея елшілігі қайырымдылық акциясын өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ку Хонг Сок пандемия салдарынан экономикалық қиындықтарды бастан өткерген отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетті.
-
Жастар елдегі заңдардың қалай жұмыс істейтінін түсінбейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 22 желтоқсанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі алаңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен «Жас заңгерлер палатасы» қоғамдық бірлестігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
-
Тоқаев: Әрбір сот заң үстемдігін қамтамасыз етудегі өз рөлін терең түсінуі керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Шығыста геологиялық барлау күшейеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында 17-20 жылға ғана жететін пайдалы қазбалар қоры қалды. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Twitter парақшасында жазды.
-
Сайлау-2021: Ұлттық байқаушылар желісін дамытуға көңіл бөлінеді
Алматы, BAQ.KZ. Бүгін «Nur Otan» партиясының өкілдері Нұр-Сұлтан қаласында Сайлауалды бейпартиялық байқау орталығы басшысымен кездесті.
-
Ауылдықтар азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін «Қуан» ШҚ базасында «Ауылдан ауылға» акциясы аясында «Ауыл» партиясының өкілдері Түркістан облысының фермерлерімен кездесіп, азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін талқылады.
-
Біздің ежелгі жазба мұрамыз көп сақталған - түркітанушы
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы Н.Келімбетов атындағы Түркітану орталығының директоры Асқар Тұрғанбаев «Ұлы дала жауһарлары» сериясымен жарық көрген «Ежелгі дәуір әдебиеті антологиясының» екінші және үшінші томының таныстырылымы кезінде айтты.
-
Келесі жылы магистратураға түсушілерден қазақ тілі талап етіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ-де ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл QazaqResmiTest-ін ресми таныстырды.
-
Алтын Орда тұсында жазылған шығармалар жаңа антологияға енді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Ежелгі дәуір әдебиеті және түркітану бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Төрәлі Қыдыр «Ұлы дала жауһарлары» сериясымен жарық көрген «Ежелгі дәуір әдебиеті антологиясының» екінші және үшінші томының таныстырылымы кезінде оған енген әдеби жәдігерлер туралы баяндады.
-
Шикізаттық емес экспорт біртіндеп қалпына келе бастады – Сұлтанов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронадағдарыс сауда саласына айтарлықтай нұқсан келтірді, деп жазды Facebook-тегі парақшасында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов.
-
Павлодар облысында 350 келі балық тәркіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында Шығыс Қазақстан облысының тұрғынынан заңсыз ауланған 350 келі балық тәркіленді, деп хабарлады Polisia.kz.
-
Ақтауда дзюдодан ел чемпионаты аяқталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтауда дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтіп, төрт күнге созылған байрақты бәсеке өз мәресіне жетті. Бұл туралы Ақтау қалалық дене шынықтыру және туризм бөлімінің басшысы Болат Досов мәлім етті.
-
ADAL партиясы мүшелері екі облыс тұрғындарымен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «ADAL» партиясы мүшелерінің Ақтөбе мен Ақмола облыстарының тұрғындарымен кездесулері мазмұнды және қызу түрде өтті.
-
«Алматы наш»: Жігіттер көпқабатты үйден оқ атты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желіде көпқабатты үйлердің бірінен оқ атылған видео тарады.
-
Алматы мектептеріндегі орын тапшылығы 73%-ға азаяды
Алматы, BAQ.KZ. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша мектептегі орын тапшылығын шешу үшін 2025 жылға дейін білім беру нысандарының Үдемелі құрылысын салу бағдарламасы әзірленді.
-
ҚХП өкілі семейліктермен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Семейде Қазақстан Халық партиясының өкілі Оксана Шишкина жергілікті тұрғындармен кездесті.
-
Сәкен Майғазиев Шымкентке бастық болып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Танымал әнші, «Музарт» тобының мүшесі Сәкен Майғазиев жаңа қызметке тағайындалды.
-
Дала фольклорының антологиясы жарық көрді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Алматыдағы М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында «Дала фольклоры мен музыкасының 1000 жылы» атты жоба аясында жарық көрген кітаптардың таныстырылымы өтті.
-
Шығыс Қазақстанда жолда қалған аңшылар құтқарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семей қаласынан 47 шақырым қашықтағы Жарқын ауылының үш тұрғыны «Нива» көлігімен аңға шыққан.
-
Нұр-Сұлтанда тағы бірнеше нысан жабылуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Карантин тәртібінің үнемі бұзылуына байланысты елордадағы бірқатар басқа да ойын-сауық мекемелерінің жұмысы тоқтатылуы мүмкін.
-
Зейнетақы төлемдерін емделу үшін пайдалану ережелері әзірленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі емделуге бір реттік зейнетақы төлемдерін пайдалану ережесін әзірледі.
-
ІІМ Алматы академиясының бастығы қызметінен босатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мақан Есболатов атындағы ІІМ Алматы академиясының курсанты Саламат Өтегеновтің қаза табуына байланысты Алматы қаласының Полиция департаменті ҚР ҚК-нің 105-бабы (өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Тергеу барысында қаза тапқан адамның туыстары баяндаған барлық дәлелдер тексерілетін болады.
-
Электронды шот-фактура жазуға міндеттілер қатары өсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) енгізілген толықтырулар мен өзгетулерге сәйкес, электронды шот-фактуралар жазып беруге міндетті салық төлеушілер қатары өседі.
-
Күрес түрлерінен Азия аймақтық іріктеу турнирі мен құрлық біріншілігі Алматыда өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Біріккен күрес әлемі (UWW) 2021 жылдың жарыс күнтізбесін жариялап, ресми халықаралық турнирлер наурыз айында басталатынын мәлімдеді деп хабарлайды Olympic.kz.
-
ТМД елдері бір-біріне ядролық авария кезінде көмектесетін болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ядролық авария немесе радиациялық авариялық ахуалдың туындау жағдайына дайындықты және олардың зардаптарын жою кезіндегі өзара көмекті қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимылы туралы келісімді ратификациялау» туралы заң жобасын қабылдады.
-
Шетелден келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 22 желтоқсанда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Корея, Мальдив Республикасы, Мысыр, Түркия, БАӘ, Өзбекстан және Қырғызстаннан 10 халықаралық әуе рейсі келді.
-
Нұр-Сұлтандағы жаппай төбелестен екі адам қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы Бетон зауытының аумағында төбелес болып, екі адам жан тапсырды. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Нығматулин Қаржы министрін әбден сынның астына алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысына келген Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев сынның астында қалды.
-
COVID-19-дың жаңа мутациясы тағы бір елден табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирустың жаңа нұсқасы «британдық» типке ұқсас, S ақуызында E484K мутациясы бар.
-
Парламент зейнетақы жинағының бір бөлігін уақытынан бұрын шешіп алу заңын қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасын қабылдады.
-
«Бред сивой кобылы». Сыртқы істер министрі ресейлік Никонов, Федоровқа қатысты ойын білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі Парламент отырысында депутаттар Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіден Ресей елшілігіне берген нотаның нәтижесі не болып жатқанын сұрады.
-
Ауа райы болжамы: Алдағы уақытта -38 градус аяз болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге, яғни 24-26 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.
-
Парламентте өлім жазасының күшін жоюға бағытталған халықаралық хаттама қаралуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі Парламент отырысында «Өлім жазасының күшін жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші Факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы қаралды.
-
11 айда 858 мыңнан астам адам АӘК алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек 168,6 мың отбасының 858,2 адамына 58,3 млрд теңге сомасында төленді.
-
Коронавирустың жаңа штаммы балалар арасында жиі таралады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбританияда анықталған коронавирустың жаңа мутациясы ересектерге қарағанда, балалар арасында жиі таралады, алайда оның асқан қауіптілігі туралы мәлімет жоқ.
-
Алматы «сары» аймаққа кірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы жариялаған Қазақстан облыстарының эпидемиологиялық ахуалын бағалайтын матрицада айтылған.
-
Экология министрі Өскемен ЖЭО-дағы шығарындыларды азайтуды тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына барды.
-
Қазақстанда мал ұрлығының саны соңғы 5 жылда 2 есеге қысқарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті мал ұрлығының алдын алу шаралары және олардың тиімділігі туралы хабарлады.
-
Алматыда қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыдағы Апорт сауда үйінде қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр.
-
КВИ белгілері бар пневмонияның 191 жағдайы тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сoronavirus2020.kz сайты 2020 жылғы 23 желтоқсанда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жариялады.
-
Коронавирус пен пневмониядан 11 адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі елімізде коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2020 жылғы 23 желтоқсандағы ақпарат жариялады.
-
Бүгін Қазақстан қалаларында ауа сапасы қандай болады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» мамандары 23 желтоқсан күні Қазақстан қалаларында ауа сапасы қандай болатынын жариялады.
-
1083 адам коронавирустан жазылып шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 1083 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Өткен тәулікте 733 адамнан коронавирус анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 733 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы анықталды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
31 жастағы жігіт 16 жастағы қызға үйленгені үшін сотталуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстан вице-премьер-министрі Эльвира Сурабалдиева Ыстықкөл облысы Жети-Огуз ауданында 16 жастағы қыздың 31 жастағы жігітке тұрмысқа шығуын анықтауды тапсырды.
-
Атырау тұрғыны балаларын жалдамалы пәтерде тастап кеткен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау қаласының жұмыссыз тұрғыны жалға алынған пәтерде екі баласын тастап кетіп қалған, деп мәлімдеді "Мой город" басылымы.
-
Әлия Назарбаева экодүкен мен экобаспахана ашты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Әлия Назарбаева экодүкен мен экобаспахана ашты. Бұл туралы Назарбаеваның өзі Instagram-дағы парақшасында жазды.
-
23 желтоқсанға арналған ауа райы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сәрсенбі күні елдің басым бөлігінде антициклон әсері байқалады. Солтүстік, шығыс пен оңтүстікте қар жаууы мүмкін, бұрқасын жүріп, жел күшейеді, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
-
Еліміздің 4 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның 4 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
-
СҚО жастары Петропавл атауын өзгертуге петиция тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жуырда Ресейде мемлекеттік дума депутаты Солтүстік Қазақстан жеріне қатысты мәлімдеме жасап, қоғам назарын аударған-ды. Содан бері мемлекеттік қызметкерлер, тарихшылар мен намысты жастар ресейлік шовинистердің сөзіне түрлі пікір білдірді.
-
Спорттың барлық түрі бойынша міндетті түрде тексеріс жүргізу керек – кәсіби боксшы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық кәсіби боксшы Аида Сатыбалдинова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеу жолдады. Видео Instagram-дағы @vestikzsport парақшасында жарияланды.
-
Қазақстан азаматтары тағы бір елге визасыз бара алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оман Сұлтандығының үкіметі әлемнің 103 мемлекетінің, соның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 10 күндік визасыз тәртіп енгізгенін жариялады.
Наверх