Бүгін Қазақстан қалаларында ауа сапасы қандай болады?

23 Желтоқсан 2020, 08:48
1264
Бөлісу:
Бүгін Қазақстан қалаларында ауа сапасы қандай болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» мамандары 23 желтоқсан күні Қазақстан қалаларында ауа сапасы қандай болатынын жариялады.

Кәсіпорынның мәліметінше, сәрсенбі күні еліміздің бір қаласында - Ақтөбеде қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластануы мүмкін. Өзге шаһарларда метеоахуал - бірқалыпты. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. 

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы