Парламентте өлім жазасының күшін жоюға бағытталған халықаралық хаттама қаралуда

23 Желтоқсан 2020, 10:42
1814
Бөлісу:
Парламентте  өлім жазасының күшін жоюға бағытталған халықаралық хаттама қаралуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі Парламент отырысында «Өлім жазасының күшін жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші Факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы қаралды.    

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер  министрі Мұхтар Тілеуберді бұл хаттама БҰҰ-ның 1966 жылғы Азаматтық және саяси құқықтары туралы халықаралық пактіні дамытуға қабылданған екінші халықаралық құжат екенін айтып өтті. Оны Қазақстан Республикасы 2005 жылдың қараша айында ратификациялаған. 

Тәуелсіздік алған сәттен бастап ҚР негізгі халықаралық құқық қорғау актілеріне қосылу, сондай-ақ өзінің БҰҰ мен ЕҚЫҰ мүшелігі тұрғысында қабылданған адам құқықтары саласындағы міндеттемелерге сәйкес өлім жазасын қолдануды біртіндеп тарқатуды және қылмыстық заңнаманы ізгілендіру саясатын жүргізуде. Өздеріңізге белгілі Қазақстан Республикасында өлім жазасын қолдану ҚР Тұңғыш президенті Елбасының 2003 жылғы 17 желтоқсандағы тиісті моратори енгізу туралы жарлығымен толығымен тоқтатылған, - деді ол. 

Жаһандық үдерістерге белсенді ықпалдасу саясатын жүргізу үшін, сондай-ақ әлемдік оболюцианистік трендті назарға ала отырып 2019 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның екінші факультативті хаттамаға қосылу рәсімін бастауды тапсырған. Осылайша президенттің жарлығына сәйкес 23 қыркүйекте БҰҰ жаныдағы Қазақстанның тұрақты өкілі Қайрат Омаров екінші факультативті хаттамаға қол қойды. 

ҚР-ның халықаралық шарттары туралы 2005 жылғы 30 мамырдағы заңның 11 бабының 1 және 2 тармақтарына сәйкес екінші факультативті хаттама ҚР Парламенті мен міндетін ратификациялауға жатады. Осы халықаралық құжатқа сәйкес қол қоюшы елдер өлім жазасын қолданбау және өз заңнамасы шеңберінде өлім жазасының күшін жою үшін барлық қажетті шараларды орындау міндеттемесін қабылдайды. Жалғыз ерекшелік соғыс уақытында өлім жазасын қолдану туралы заңды түрде рәсімделген ескертпе болған жағдайда рұқсат етіледі, - деді министр. 

Дегенмен Қазақстан конвенция мен қарастырылған өлім жазасын қолдануды көздейтін жалғыз ескертпе жасау мүмкіндігін пайдалануға ниет білдірген. 

Қазақстан Республикасы екінші факультативтік хаттаманың 2-бабына сәйкес соғыс уақытында жасалған әскери аса ауыр сипаттағы қылмыстар үшін кінәлі деп танылғаннан кейін соғыс уақытында өлім жазасын қолдану құқықғын өзіне қалдырады, - деді Мұхтар Тілеуберді.

Өзгелердің жаңалығы