Еліміздің 4 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

23 Желтоқсан 2020, 03:00
967
Бөлісу:
Еліміздің 4 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның 4 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

23 желтоқсан күні Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, түнде кей жерде күші 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерінде 23 желтоқсанда тұман түседі.

Ақмола облысының кей жерінде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, кей жерінде күші 15-20 м/с-ке жетеді.

Түркістан облысының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Өзгелердің жаңалығы