Нұр-Сұлтандағы жаппай төбелестен екі адам қайтыс болды

23 Желтоқсан 2020, 12:06
13419
Бөлісу:
Нұр-Сұлтандағы жаппай төбелестен екі адам қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы Бетон зауытының аумағында төбелес болып, екі адам жан тапсырды. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

22 желтоқсанда сағат 23.30-да «102» нөміріне Бетон зауытының аумағында төбелес болып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Дереу оқиға орнына полиция қызметкерлері барды. Төбелес салдарынан ауруханаға екі ер адам жеткізілді. Біреуіне кеуде тұсынан оқ тиген, екінші адамға қарын тұсынан пышақ салынған. Екеуі де қайтыс болды, - делінген хабарламада. 
Полиция қызметкерлері қаза тапқандардың жеке басын анықтаған.  
Олар Қызылорда облысында туып-өскен 39 және 44 жастағы ер адамдар болып шықты. Одан бөлек, ауруханаға 24 жастағы жігіт атыс жарақатымен жеткізілген. Жанжал араздасушылардың бірі қарызын қайтармауы салдарынан туындаған. Соңы төбелеске ұласып, пышақ және атыс қарулары қолданылған. Оқиғаға қатысқан 11 адам анықталып, ұсталды. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде, - деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы