Қазақстандағы Корея елшілігі қайырымдылық акциясын өткізді

23 Желтоқсан 2020, 19:02
1601
Бөлісу:
Қазақстандағы Корея елшілігі қайырымдылық акциясын өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ку Хонг Сок пандемия салдарынан экономикалық қиындықтарды бастан өткерген отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетті.

Бұл қайырымдылық шарасы 2020 жылдың екінші жартысынан бері Қазақстандағы KOICA бағдарламасының түлектері қауымдастығының COVID-19-ға қарсы күресі аясында өткізілген акцияның бірі.

Қайырылымдылық шарасы кезінде 35 отбасыға 25 000 теңге көлемінде азық-түлік себеті берілді, - деп ақпарат таратты Елшіліктің баспасөз қызметі.

Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі мен KOICA түлектерінің Қазақстандағы қауымдастығы бүгінгі қайырымдылық акциясын Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігімен және Қазақстанның мырзалар клубымен бірлесіп ұйымдастырды.  

Осы жылдың басында KOICA-ның Қазақстандағы түлектерінің қауымдастығы осындай екі шара өткізген болатын. Оның бірі Павлодар қаласындағы бастауыш мектептерге және Қазақстанның санитарлық дәрігерлері мен эпидемиологтары қауымдастығына санитарлық-гигиеналық бұйымдарды тапсыру болды. Аталған өнімдер 9300 АҚШ долларын құраған болатын.

Өзгелердің жаңалығы