Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сайлауды бейпартиялық байқау орталығының ұйымдастыруымен партия және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері бас қосты.
Бұл туралы Тәуелсіз байқаушылар штабының баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесуге аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумов, Партиялық емес тәуелсіз байқаушылар штабының басшысы Дәурен Сейтқалиев, облыстық кәсіподақ, партия және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты.
10 қаңтар Парламент Мәжілісінің және жергілікті мәслихаттарының сайлауына республика бойынша қоғамдық күштер бірігіп, партиялық емес тәуелсіз байқаушылар орталығы құрылды. Біздің ұстаным - ешбір саяси күшті қолдамай, ҚР «Сайлау туралы» конституциялық заң тараптарының дұрыс орындалуы. Қазір өңірде 1500 астам тәуелсіз байқаушы оқыту семинарларына қатысты, - деді Дәурен Сейтқалиев.
Кездесуде партиялық емес тәуелсіз байқаушылар сайлауға қатысты өзге де мәселелерді талқылады.
Еске салсақ, 2021 жылы 10 қаңтарда өтетін Мәжіліс сайлауы соңғы 16 жылда бірінші рет мерзімінен бұрын емес, ағымдағы шақырылым депутаттарының өкілеттігі аяқталғанға дейін 2 ай бұрын, конституциялық мерзімінде өтеді.
Оқи отырыңыз: