Алматы мектептеріндегі орын тапшылығы 73%-ға азаяды

23 Желтоқсан 2020, 15:12
1471
Бөлісу:
Алматы мектептеріндегі орын тапшылығы 73%-ға азаяды

Алматы, BAQ.KZ. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша мектептегі орын тапшылығын шешу үшін 2025 жылға дейін білім беру нысандарының Үдемелі құрылысын салу бағдарламасы әзірленді.

Алматыда қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың және білім беру ұйымдарының бірінші басшыларының қатысуымен өткен алқа кеңесінің  барысында мектептердегі орын тапшылығын шешу мәселесі қаралды. 

Қазіргі кезде қалада 276 мектеп жұмыс істейді, онда 288 мыңнан астам бала оқиды. Пандемияға қарамастан, контингент 12 мың балаға артты, оның ішінде 1-ші сыныпқа 27 мыңнан астам бала қабылданды

Алматы қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша осы мәселені кезең-кезеңмен шешу үшін 2025 жылға дейінгі білім беру нысандарын Үдемелі салу бағдарламасы арнайы әзірленді, - деп атап өтті Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева.

Атап айтқанда,  мынадай нақтылы шаралар қабылдануда:

- «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 2022 жылға дейін 12 600 орындық 8 мектеп және 6 550 орынға арналып мектептерге жапсарластыра 13 қосымша құрылыс салу жоспарлануда;

- жеке инвестициялар есебінен ағымдағы жылы 1 390 орынға арналған 2 жеке меншік мектептің құрылысы аяқталды және 900 орындық тағы 2 жеке меншік  мектептің құрылысы жалғасуда;

- Бюджеттік-инвестициялық жоба есебінен Алатау ауданының Зерделі шағын ауданында 600 орындық мектеп салу жоспарлануда және  1 838 орынға арналып 4 жапсарлас құрылыс жүргізілуде.

Алғашқы жаңа білім беру нысандарын 2021-2022 оқу жылының басында пайдалануға беру және сол арқылы мектептердегі орын тапшылығын 73%-ға төмендету жоспарлануда, - деді Ләззат Жылқыбаева.


Өзгелердің жаңалығы