Жамбылда құрбысының үйінен жарты млн теңге ұрлаған әйел ұсталды

23 Желтоқсан 2020, 22:56
2191
Бөлісу:
Жамбылда құрбысының үйінен жарты млн теңге ұрлаған әйел ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында тұрғынның үйінен 500 мың теңге ұрланды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Т. Рысқұлов ауданының полиция бөліміне Б. Нүрпеисова арызданып, белгісіз біреу үйінен 500 мың теңге ұрлап кеткендігін хабарлаған.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188 бабы 3-бөлігі 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

Т. Рысқұлов АПБ тергеу бөлімшесінің тәжірибелі және сапалы тергеу амалдарының жүргізуінің нәтижесінде 50 жастағы жәбірленушінің әріптесі әрі құрбысының ұрлық жасағаны толықтай дәлелденіп, қылмыстық іс сотқа жолданды, - делінген хабарламада.

Өз кезегінде Б. Нүрпеисова Т. Рысқұлов АПБ қызметкерлеріне және қылмыстық істі жүргізген ауданның аға тергеушісі Нурсеит Метеркуловке алғысын білдіріп, жұмысына табыс тіледі.


Өзгелердің жаңалығы