Шетелден келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ

23 Желтоқсан 2020, 12:21
1529
Бөлісу:
Шетелден келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 22 желтоқсанда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Корея, Мальдив Республикасы, Мысыр, Түркия, БАӘ, Өзбекстан және Қырғызстаннан 10 халықаралық әуе рейсі келді. 

Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.

1 759 әуе жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 610 адам, анықтамасыз 149 ҚР азаматы келген. 

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 381 жолаушы, анықтамамен - 1 239, анықтамасыз - 142;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 2 рейс, 378 жолаушы, анықтамамен - 371; анықтамасыз - 7.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2020 жылдың 21 желтоқсанында анықтамасыз келген барлық 78 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.

Өзгелердің жаңалығы