Қазақстан Тәжікстанға 100 мобильді ӨЖЖ аппаратын жіберді

23 Желтоқсан 2020, 21:20
1641
Бөлісу:
Қазақстан Тәжікстанға 100 мобильді ӨЖЖ аппаратын жіберді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Тәжікстанға автокөлікпен «Көкшетау-4П» өкпені жасанды желдету мобильді аппараттарының 100 жиынтығын жіберді.

Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын және Үкіметтің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 837 «Тәжікстан Республикасына ресми гуманитарлық көмек көрсету туралы»  қаулысын орындау шеңберінде құрылғылар жіберді, - делінген ведомство мәліметінде.

Естеріңізге сала кетейік, «Көкшетау-4П» аппараттары Көкшетаудағы «Тыныс» зауытында құрастырылады. Кәсіпорын айына шамамен 500 осындай құрылғы шығарады. Ал бір аппараттың бағасы 750 мың теңгені құрайды. Бұл құрылғылар мобильді түрде жұмыс істейді. Мысалы, оларды жедел жәрдемге орнатуға немесе үйде пайдалануға болады.

Өзгелердің жаңалығы