Алматы облысында автобус жүргізушісін ұрғандар ұсталды

23 Желтоқсан 2020, 19:19
1974
Бөлісу:
Алматы облысында автобус жүргізушісін ұрғандар ұсталды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысында соңғы аялдамада автобус жүргізушісін соққыға жыққан екі адам ұсталды. Бұл туралы Алматы облыстық ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

20 желтоқсан күні Іле ауданы Жетіген ауылында автобус жүргізушісіне жас жігіттер қарақшылық шабуыл жасаған

Тексеріс барысында жүргізуші мен жолаушы арасында жанжал туындағаны анықталды. Автобустағы бейнебақылау камерасынан ұрыстың арты керіске дейін барғанын көруге болады. Кейін жолаушы ұлына қоңырау шалған, ал ол досымен келіп жүргізушіні соққыға жыққан. Күдіктілер ұсталды. Олар Талғар ауданына қарасты Нұра ауылының тұрғындары болып шықты, яғни жолаушының 28 жастағы ұлы мен оның 21 жастағы досы, - делінген хабарламада. 

Медициналық сот сарапшылары жүргізушінің денсаулығына жеңіл түрде зиян келтірілгені анықталыпты. Бұл дерек бойынша тергеу материалдары сотқа жіберілген. Ал ұсталғандар жүргізушіден кешірім сұрап, кінәларын мойындаған.

Өзгелердің жаңалығы