31 жастағы жігіт 16 жастағы қызға үйленгені үшін сотталуы мүмкін

23 Желтоқсан 2020, 07:39
1469
Бөлісу:
31 жастағы жігіт 16 жастағы қызға үйленгені үшін сотталуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстан вице-премьер-министрі Эльвира Сурабалдиева Ыстықкөл облысы Жети-Огуз ауданында 16 жастағы қыздың 31 жастағы жігітке тұрмысқа шығуын анықтауды тапсырды, деп хабарлайды centralasian.org.

2016 жылы Жогорку Кенеш кәмелет жасқа толмағандардың некесін қиюға тыйым салатын заң қабылдады. Заң ережесін бұзғандар үш жылдан бес жылға дейін сотталады. Қырғызстанда 18 жастан асқанда ғана неке қидыруға рұқсат берілген.

Мұның алдында адам құқықтарын қорғаушы Камил Рузиев тұрмыстағы қыздың тоғызыншы сыныпта оқитынын, оның үйленгенін мектептегілер білетінін айтқан. Олардың некесін қиған имам жұмыстан шығарылған. Ыстықкөл облысының ішкі істер басқармасы кәмелеттік жасқа толмаған қыздың жасы үлкен жігітке тұрмысқа шығуын тексеру мақсатында іс тіркеген. 

Вице-премьер-министр Сурабалдиева Дін істері жөніндегі мемлекеттік комиссияға, Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасымен бірлесіп, дін қызметкерлері арасында кәмелеттік жасқа толмағандардың некесін қиюға болмайтыны туралы түсіндіру жұмысын жүргізуге кеңес берді. 

Өзгелердің жаңалығы