«Алматы наш»: Жігіттер көпқабатты үйден оқ атты

23 Желтоқсан 2020, 15:28
2548
Бөлісу:
«Алматы наш»: Жігіттер көпқабатты үйден оқ атты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желіде көпқабатты үйлердің бірінен оқ атылған видео тарады.

Бір видеода жігіттердің бірі «Алматы наш!» деп айғайлап, ауаға оқ атады. Екінші видеода тағы оқ атып, осы сөзді қайталайды.

Алматы қалалық полиция департаменті Бостандық ауданының полиция қызметкерлері осы бейнежазбада көрсетілген ер адамдардың кім екенін хабарлады.

Олар жасалған заңсыз әрекеттері үшін ұсталып, жауапкершілікке тартылатын болады. Олардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Біз бейнежазбада қандай қарудың пайда болғанын анықтаймыз, оның шынайы сәйкестігі мен шыққан жерін анықтаймыз, - делінген хабарламада.

Тексеріс нәтижесінде видео авторларының қылмыстық кодекстің қай бабы бойынша жазаға тартылатыны белгілі болады.

Өзгелердің жаңалығы