Ауылдықтар азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін талқылады

23 Желтоқсан 2020, 17:39
1193
Бөлісу:
Ауылдықтар азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін «Қуан» ШҚ базасында «Ауылдан - ауылға» акциясы аясында «Ауыл» партиясының өкілдері Түркістан облысының фермерлерімен кездесіп, азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін талқылады.

Партия мүшесі Қарлығаш Аралбекова фермерлерге партияның елдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстары туралы айтып, партияның «Азық-түлік қауіпсіздігі туралы» заң қабылдау туралы бастамасына егжей-тегжейлі тоқталды.

Заң жобасының мақсаты, үш маңызды критерийі – тамақ өнімдерінің физикалық, экономикалық қолжетімділігі мен азық-түлік қауіпсіздігінің орындалуын қамтамасыз ету. Яғни қажетті өнімдер күніне 24 сағат және кез келген жерде қолжетімді болуы керек. Ал олардың бағасы орташа сатып алушы үшін қолайлы болғаны жөн. Осы аспектіде ұсынылып отырған заңда өндіріс көлемін тұрақтандыру және ұлғайту үшін тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдауға ерекше назар аударылатын болады. 

Партияның ГМО өнімдерін әкелуге және тұтынуға тыйым салуға шақыруы қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Идеяны жақтаушылардың пікірінше, ГМО өнімдері ондаған есе ұзақ сақталады және табиғи, бірақ тез бұзылатын өніммен жұмыс істейді, отандық өндірушілер әрқашан шығынға ұшырайды.

Өзгелердің жаңалығы