СҚО жастары Петропавл атауын өзгертуге петиция тапсырды

23 Желтоқсан 2020, 02:12
2146
Бөлісу:
СҚО жастары Петропавл атауын өзгертуге петиция тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жуырда Ресейде мемлекеттік дума депутаты Солтүстік Қазақстан жеріне қатысты мәлімдеме жасап, қоғам назарын аударған-ды. Содан бері мемлекеттік қызметкерлер, тарихшылар мен намысты жастар ресейлік шовинистердің сөзіне түрлі пікір білдірді.

Желідегі даудың бір бөлігі Солтүстіктегі қала атауларынан өрбиді. Осыны негізге алған «Намыс» жастар қозғалысының мүшелері Петропавлға арнайы барып, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Әргебайұлы Ақсақаловқа петиция тапсырды, деп хабарлайды Nege.kz.

СҚО жастары Петропавл атауын өзгертуге петиция тапсырды

Петицияда Солтүстік Қазақстандағы кеңестік кезеңнен қалған қала атауларын ауыстыруды, бұрынғы Қызылжар, Ертіс сынды аттарды қайтару керектігі жазылған. Ішкі саясат басқармасының басшысы петицияны қабылдап, заң аясында жауап беретінін жеткізді.

Жастар одан өзге қаланың орталық көшелерінің бірімен мемлекеттік туды көтеріп, «Петропавл емес, Қызылжар», «Солтүстік Қазақстан – Қазақтың жері» деген баннер ұстап жүріп өтті.

Өзгелердің жаңалығы