Все новости за 3 қараша 2020
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Қос сәбиін өлтірмек болған әйел бас бостандығынан айырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай соты қос сәбиін пышақтап өлтірмек болған жас келіншекті жазаға тартты. Қатігез ана 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады.
-
Катермен әйелді қағып кеткен жасөспірімге сот үкім шығарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҚО кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Артем Крыловқа қатысты үкім шықты.
-
Жээнбековке экс-президент мәртебесі берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Ош тұрғындарымен кездесу кезінде Қырғызстан президенті міндетін атқарушы Сапар Жапаров Сооронбай Жээнбековке экс-президент мәртебесін бергенін хабарлады. Оның сөзіне қарағанда бұған қарсылар да болған.
-
МӘМС жүйесінде өз мәртебеңізді қалай тексеруге болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда медициналық көмекті міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі және тегін медициналық көмектің кепілдігі аясында көрсетеді.
-
Есепте тұрғандарға азық-түлік таратылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбылда Жуалы аудандық пробация қызметкерлері «Жаңа шабыт» қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып, есепте тұратын 10 азаматты бір реттік азық-түлікпен қамтамасыз етті.
-
Түркістанда халықаралық театр фестивалі өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінде Түркістан қаласы нағыз мәдениет пен руханияттың орталығына айналып келеді. Өйткені мұнда соңғы екі жылда бірнеше жаңа мәдени нысандар бой көтерді.
-
Жамбылдық дәрігерлер 15 жасар баланың бас сүйегіне күрделі ота жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында алғаш рет 15 жастағы балаға әлемді мойындатқан неміс технологиясы арқылы бас сүйегінің орнына титан пластик (жасанды темір) құрылғысымен күрделі ота жасалды, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
-
Бас прокурор Қарағанды облысына барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов Қарағанды облысында іс сапарда болды, деп хабарлады ҚР бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
-
Елорданың ақылы тұрақтарында заңсыздықтар болған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сатында хабарланды.
-
Мемлекет басшысы Ауғанстан Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ/ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан Президенті Мохаммад Ашраф Ғаниға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
-
Азаматтарға арналған үкімет қызмет көрсету тәсілін өзгертуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін елордадағы Есіл ауданының №1 ХҚО бөлімінің келушілеріне «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева қызмет көрсетті.
-
Арыс қаласында 1200-ге жуық шаруа қожалығы жұмыс істейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
-
Министр: «Халық арна» жақсылықтың жаршысына айналсын
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Халық арна» телеарнасының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
-
Польшада қазақстандық студентті атып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Польшада белгісіз біреу 16 жастағы қазақстандықты атып өлтірді, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
-
«Ақ жолдың» партиялық съезі қашан өтетіні белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды съезі биылғы жылдың 20 қарашасында Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.
-
Петропавл қаласы карантинге жабылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID-19-дың таралуын тежеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның төрағасы, Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды, деп хабарлады ВАК.
-
40 млн-нан астам теңгенің алюминийін ұрлағандар анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көлік полицейлері салмағы 32000 келіден асатын, құны 40 млн-нан астам теңгені құрайтын «алюминий» ұрлығын ашты.
-
Қазақстан мен Өзбекстан бірқатар келісім жасасты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Роман Склярдың жетекшілігімен орталық мемлекеттік органдар басшылығының, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен қазақстандық делегация Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласына ресми сапармен барды.
-
Ақмола облысында блок бекеттер қойылады
Нұр-Сұлтан, BAQ KZ. 7 қарашада Ақмола облысында алты санитарлық бекет қойылады. Бұл туралы өңірлік тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина айтты.
-
Индонезияда оқу ақысын жапырақ және кокоспен төлеуге рұқсат етілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқу ақысын төлеуге қиналып жүрген Venus One туристік академиясының студенттеріне кокос пен жапырақ жинап әкеліп қарыздарынан құтылуға рұқсат берліді.
-
ШҚО-да жолаушыларды пойызға отырғызудың жаңа ережесі жасалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Павлодар-Алматы-2» бағытындағы №31/32 жолаушылар пойызы үшін жолаушыларды отырғызуға/түсіруге уақытша тыйым салынды.
-
Тоқаев Австрия Президентіне көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Венадағы террорлық актіге байланысты Австрия Президенті Александр Ван дер Белленге көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Министр: Біз үшін Өзбекстан - өңірдегі негізгі сауда серіктес
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы келіссөздер жайлы айтты.
-
Балалар мен қарттар үйде тегін тексеріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша биыл қарашаның 2-нен бастап Алматыда қарттар мен балаларға үйде профилактикалық медициналық тексеру жүргізіледі.
-
ҚМДБ өз телеарнасын ашты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен мүфтияттың төл телеарнасы іске қосылды.
-
Профессор: Медициналық ұйымдармен соттасу көбейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін «Астана медицина университеті» КеАҚ «Медициналық ұйымдар мен пациенттер арасындағы дауларды шешуде медиацияны қолданудың мәселелері мен болашағы» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өткізді.
-
Биыл 10 мың жалдамалы пәтер пайдалануға беріледі – Жайымбетов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істер комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында биыл 10 мың жалдамалы пәтер пайдалануға берілетінін айтты.
-
«Шаңыраққа» бөлінген 390 млрд теңге қайда кетті?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істер комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында айтты.
-
ТҚЖБ. Матаев жаңа бағдарлама туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Орталық филиалының директоры Жансұлтан Матаев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында айтты.
-
Қанша қазақстандық үй кезегінде тұр?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істер комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов үй кезегінде қанша адам тұрғанын айтты.
-
Әшімбаев: Абай мен Науаи еңбектерін қатар аударудың символикалық мәні бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлы Абайдың 175 жылдығы аясында ақынның өзбек тіліне аударылған шығармалары мен шығыстың ғұлама шайыры Әлішер Науаидің қазақ тілінде жарық көрген «Хамса» атты кітабы көпшілікке таныстырылды, деп хабарлады ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.
-
Дизайнер қаланы жасыл желектің жетіспеушілігінен қалай құтқармақ?
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. «Нью-Йоркте климаттық апатқа дейінгі уақыт есептелетін сағат орнатылды».
-
Несіпбек Айтұлы: Туды қорлау – Мемлекетті қорлаумен тең
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Белгілі ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлымен мемлекеттік рәміздеріміз жайлы әңгімелескен едік.
-
Аустрия Үкіметі мен халқының қайғысына ортақпын – Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Аустрияда болған қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты.
-
Күліп келіп, жылап қайтатын қарыздан мемлекетке қандай қауіп бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Халық арасында үлкен фобия тудыратын тақырып бар – ол сыртқы қарыз. Еліміздің сыртқы қарызы жан басына шаққанда 10 мың долларға жуықтайды деген пікір жиі айтылады. Осы мәселенің ақ-қарасын ажыратып көрсек.
-
Жол белгілері. «Халықараралық тілді» білу қаншалықты маңызды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ережеге сай жол белгілері мемлекеттік стандарттар негізінде анықталады. Сіз тіл білмесеңіз де, жол белгілерін жетік меңгерсеңіз болғаны. Сонда сіз шетелде, яғни Ресей, Франция, Италия, Германия, Америка сынды елдерде де еркін жүре аласыз. Себебі жол белгілері «халықаралық тіл» болып саналады. Оның ережелері мен белгілері Біріккен ұлттар ұйымында қабылданған.
-
Токиода Олимпиада алауының құтысына арналған көрме ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токиода 2021 жылғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарындағы алау эстафетасында қолданылатын құтылар көрмесі ашылды деп жазады Olympic.kz.
-
Жануарларды қорғауда бақылауды дұрыс жүргізбеген басқарма басшысы сөгіс алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысы Дәулет Досқұловқа жануарларды қорғау саласындағы заңнамалық актілердің әзірленуі мен қабылдануына тиісті бақылаудың болмағаны үшін сөгіс жарияланды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
-
Швейцарияда коменданттық сағат енгізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Швейцарияда коронавирустық індеттің күрт өсуіне байланысты коменданттық сағат енгізілді, деп хабарлады «Хабар 24».
-
Тон сатқан алаяқ әйел ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда қымбат бағалы тондардың жалған сатушысы ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Атырауда мобильді топтар карантин шараларын бұзушыларды анықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда мобильді топтар демалыс күндері карантин талаптарын бұзу фактілерін анықтады, деп хабарлады Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
-
Шу тұрғынынан ірі көлемдегі есірткі табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері «Участок» жедел-алдын алу іс-шарасы кезінде есірткі заттарының ірі көлемі бар ер адамды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Қосымша құн салығын қайтару туралы ақпарат жалған – Кіріс комитеті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мұндай төлемдер туралы ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды.
-
COVID-19. Медициналық мекемелерді жаңа толқынға дайындау жоспары жасалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен коронавирус пандемиясының жаңа толқынына дайындықты қамтамасыз ету бойынша барлық шаралар алдын ала қабылдануда. Бұл туралы Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында пандемия кезіндегі емхана жұмысының алгоритмдері туралы өткен онлайн-сұхбат кезінде №8 қалалық емханасының бас дәрігері Фарида Ағыбаева айтты.
-
Жаилғанова жаңа формация басшыларының бойынан табылуы тиіс 3 қасиетті атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «А» корпусының мемлекеттік қызметшілеріне арналған арнайы курстардың жаңа бөлімі басталды.
-
Жиһадшылар Венадағы терактты өз мойнына алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аустрия канцлерінің мәлімдеуінше, шабуылдаушылар жақсы қаруланған және кәсіби дайындалған.
-
Сыбайлас жемқорлықпен күресте ғылыми сарапшылар не үшін қажет?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Осыдан бір ай бұрын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі ғылыми сарапшылар байқауын жариялаған болатын. Бүгін агенттікте өткен брифинг барысында Парасаттылық департаменті басшысының орынбасары Нұрсұлтан Бекинов байқау нәтижесі мен мақсаты туралы айтып берді.
-
Елорда қысқы кезеңдегі төтенше жағдайға дайын ба?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД бастығының орынбасары Есен Байыров «Қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлар. Профилактикалық шаралар» брифингінде айтты.
-
Үкіметте Түркістанның 2035 жылға дейінгі жоспары мақұлданды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.Қазақстан үкіметі Түркістан қаласын дамытудың бас жоспарының жобасын бекітті.
-
10 айда азық-түлік бағасы 8,3%-ға қымбаттаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы он айда баға азық-түлік тауарларына–8,3%, азық-түлік емес тауарларына–4,5%, ақылы қызметтерге 3% жоғарылады, деп хабарлады статистика комитеті.
-
Біртанов қамауға алынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Елжан Біртановқа қатысты тергеу жүріп жатыр.
-
Алматы әкімдігі ШОБ үшін жалдау ақысын есептеуді жыл соңына дейін тоқтатты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Рүстем Әлиев шағын және орта бизнесті қолдау шаралары туралы айтып берді.
-
Тұңғыш Президент саябағы мен Н.Назарбаев аллеясын салып жатырмыз - Шөкеев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкіметте Түркістан қаласын дамыту туралы есеп берген облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев қандай жұмыстар атқарылып жатқанын айтты.
-
Шөкеев Түркістанның бас жоспарын таныстырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Үкімет отырысында 2050 жылы Түркістан қаласы халқының саны 500 мыңға жететінін айтты.
-
Nur Otan-ның өңірлік конференциялары қашан өтетіні белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Nur Otan» партиясы өңірлік филиалдарында өтетін конференциялардың кестесін жариялады. Оның барысында барлық деңгейдегі мәслихаттарға партиялық тізімдер және әр өңірден Мәжіліске партиялық тізімге кандидаттар анықталатын болады.
-
Аустриядағы лаңкестік. Қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аустриядағы лаңкестікке қатысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады.
-
Мамин әкімдерге 1 ай уақыт берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин бір ай ішінде барлық өңірде газ-техникалық инспекцияны құруды тапсырды.
-
Сапарбаев: Дәрі-дәрмек қоры үнемі бақылауда болуы керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кезекті жұмыс аптасын облыс әкімі Бердібек Сапарбаев денсаулық сақтау нысандарын аралаумен бастады. Ең алдымен аймақ басшысы Тараздағы көп бейінді аурухананың инфекциялық блогын көрді.
-
Жылу беру маусымы басталғалы бері өрт жиіледі – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қазақстан өңірлерінде жылу беру маусымы басталғалы бері өрт жиілегенін айтты.
-
Қостанай, Маңғыстау және Павлодар жеткілікті қаражат бөлмеген - Мамин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Премьер-министр Асқар Мамин өрт сөндіру қызметінің жарақтандырылу деңгейін жақсартуға тиісті қаржы бөлмеген өңірлерді атады.
-
Қазақстан мемлекеттік шекарадағы шектеу шараларын күшейтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2 қарашада ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өтті.
-
Балқашта 100 МВт күн электр стансасын іске қосу жоспарлануда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында жаңартылатын энергия көздері нысандарының құрылысы белсенді жүріп жатыр.
-
Сағынтаев Медеу ауданындағы абаттандыру жұмыстарының қарқынын тексерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев кезекті жұмыс сапары кезінде Медеу ауданының саябақтарын, алаңдарын, аулалары мен жағалауларының жөнделуі және абаттандырылу барысын тексерді.
-
COVID-19: 161 адамның жағдайы ауыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 4 732 адам ем қабылдауды жалғастыруда.
-
КВИ белгілері бар пневмонияның 9 жағдайы тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сoronavirus2020.kz сайты 2020 жылғы 3 қарашада тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жариялады.
-
Аустрия астанасында лаңкестік шабуыл болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аустрия астанасы Венада лаңкестік шабуыл болды. Қарулы шабуылды бірнеше қаскөй ұйымдастырған, олардың бірін полиция атып өлтірді, еннді сыбайластарын іздеп жатыр. Қалада ауқымды арнайы операция жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Еuronews.
-
Коронавирустан 202 адам жазылып шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 202 қазақстандық коронавирустан жазылды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Өткен тәулікте 449 адамнан коронавирус анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда кеше 449 адам коронавирус індетін жұқтырған, бұл ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
ИИДМ қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларына өзгерту енгізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қауіпті жүктерді тасымалдау ережелеріне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды ИИДМ баспасөз қызметі.
-
3 қарашаға арналған ауа райы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 3 қараша күні Қазақстан территориясының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
-
67 рет сүйегі сынған алматылық әйел үй алуды армандайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының тұрғыны еңбек құлдығында болған сұмдық оқиғалары туралы айтып берді. Әйел 10 жыл бойы Өзбекстанда құрылыс алаңдарында ауыр жұмыс істеген. Ол көрші елге жақсы өмір сүру үшін барған, бірақ құлдыққа түсіп қалған. Бұл өмірден қашып құтылған оны туған жерінде де қиындықтар күтіп алған, деп хабарлайды "Астана"арнасы.
-
Көкшетау қаласына санитарлық бекеттер қойылатын болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев ақмолалықтар арасында, оның ішінде Көкшетау қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны күрт өскенін атап өтті.
-
БҰҰ Қарабақтағы қақтығысқа кінәлілерді жазалауға шақырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарабақтағы үздіксіз атыс халықаралық гуманитарлық құқықты бұзады және оны әскери қылмыстармен теңестіруге болады. Бұл туралы БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары Мишель Бачелет осылай мәлімдеме жасады.
-
Жамбыл облысындағы жеке үйде 5 адам газдан уланып қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы Меркі ауданының Плодовоягодное ауылындағы жеке үйде бес адам газдан уланып, екеуі оқиға орнында көз жұмды.
-
Ақтау қаласының әкімі бірнеше нысанға кезекті рейд жүргізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай бастаған әкімдік қызметкерлері мен жергілікті полиция өкілімен бірлескен топ қаладағы бірнеше нысанға кезекті рейд жүргізді.
-
Jýsan Bank пен АТФ банкті сатып алу туралы алдын ала келісімге қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Jýsan Bank пен АТФ Банк акционері Г.Есенов АТФ Банк акциясының 99,76%-ын Jýsan банктің сатып алуы туралы алдын ала келісімге келді. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлайды.
-
Нұр-Сұлтанда көгілдір отын бағасы төмендеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда тұрғындары үшін көгілдір отын бағасы арзандады.
Наверх