Индонезияда оқу ақысын жапырақ және кокоспен төлеуге рұқсат етілді

3 Қараша 2020, 18:52
1562
Бөлісу:
Индонезияда оқу ақысын жапырақ және кокоспен төлеуге рұқсат етілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқу ақысын төлеуге қиналып жүрген Venus One туристік академиясының студенттеріне кокос пен жапырақ жинап әкеліп, қарыздарынан құтылуға рұқсат берілді. Бұл туралы korrespondent.net жазды.

Индонезияның Бали аралында орналсқан оқу орны жиналғанды өндірісте қолданбақ. 

Оқу орнының өкілі Ваян Пасек Ади Путраның айтуынша, бұған дейін студенттерге оқу ақысын бөліп төлеу рұқсат етілген. Алайда пандемия салдарынан қаржылық жағдайы қиындаған студенттер бұл жеңілдікті де пайдалана алмаған. 

Бір жағынан біз студенттерді табиғи заттардан өнім өндіруге үйретуіміз керек. Осылайша, пандемия аяқталғанға дейін олар маңызды тәжірибе жинақтап, еңбектің қадірін де біле түседі, - дейді ол. 

Сондай-ақ оқу орнының өкілі студенттер жинап әкелген кокостар мен жапырақтар май және сабын өндірісі үшін пайдаланылатынын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы