Балқашта 100 МВт күн электр стансасын іске қосу жоспарлануда

3 Қараша 2020, 09:47
1253
Бөлісу:
Балқашта 100 МВт күн электр стансасын іске қосу жоспарлануда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында жаңартылатын энергия көздері нысандарының құрылысы белсенді жүріп жатыр. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Өңірде қуаттылығы 200 МВт болатын төрт күн электр станциясы іске қосылды. Олар Саран, Жезқазған, Балқаш және Ақадыр кентінің маңында орнатылған.

Бұдан басқа, облыста биогаз станциялары мен шағын су электр станциясы жұмыс істейді. 2019 жылдың қорытындысы бойынша барлық жаңартылатын энергия көздері бойынша жалпы өнім 176 млн кВт/сағ, ал биылғы жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша 54 млн кВт/сағ құрады.

Бүгінгі күні облыс әкімдігі «KAZ GREEN ENERGY» ЖШС-мен бірлесіп, Балқаштағы «Қоңырат» шағын ауданына жақын жерде қуаты 100 МВт күн электр станциясын салудың тағы бір жобасын іске асыруда. Күн электр станциясының аумағы 140 гектарды құрайды, Станция 192 350 екі жақты фотоэлектрлік панельдерден тұрады. Әрқайсысының қуаты 520 Вт. Бұл күн электр станциясы жылына 170 млн кВт электр энергиясын өндіреді деп жоспарлануда. Іске қосудың бірінші кезеңінің аяқталу мерзімі (50 МВт) - 2021 жылғы тамыз. Келесі кезең (50 МВт) 2021 жылдың желтоқсанына жоспарланған.

Электр қуаты «Қоңырат» шағын станциясына беріледі. Оның негізгі тұтынушысы - «Қазақмыс» тобы. Құрылыс кезінде қолданылатын барлық металл конструкциялар Қазақстанда жасалған. 25-30-ға жуық адамды жұмыспен қамтимыз. Осы күн электр станциясының іске қосылуының арқасында көмірқышқыл газының шығарылуы жылына 170 мың тоннаға азаяды. Жоба шамамен 7-8 жылдан кейін өзін-өзі ақтайды, - дейді жоба жетекшісі, «KAZ GREEN ENERGY» ЖШС өкілі Ертай Әлжанов.

Өзгелердің жаңалығы