Польшада қазақстандық студентті атып кетті

3 Қараша 2020, 20:14
1577
Бөлісу:
Польшада қазақстандық студентті атып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Польшада белгісіз біреу 16 жастағы қазақстандықты атып өлтірді, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, қайғылы оқиға 2 қарашада Польшаның Ополе Любельское қаласында болған.

Оқ тиіп, алған жарақаты салдарынан 2004 жылы туған Қазақстан азаматы қайтыс болды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта Қазақстан елшілігі марқұмның туыстарымен байланыс орнатқан, оның денесін елге қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Өзгелердің жаңалығы