Біртанов қамауға алынды

3 Қараша 2020, 11:56
4213
Бөлісу:
Біртанов қамауға алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Елжан Біртановқа қатысты тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу қызметінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу қызметі бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Сот Біртановқа қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасын санцияланды. Тергеу мүддесіне байланысты қосымша ақпарат жарияланбайды, - делінген комитеттің хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, Елжан Біртановтың ұсталғаны туралы Telegram-дағы бірнеше арнада анықтамалық құжат түрінде жарияланған еді. Кейін Қаржы министрлігінің қаржылық мониторинг комитеті денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ұсталғаны туралы ҚР Қылмыстық кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайтынын айтқан болатын.
Өзгелердің жаңалығы