ШҚО-да жолаушыларды пойызға отырғызудың жаңа ережесі жасалды

3 Қараша 2020, 18:34
2223
Бөлісу:
ШҚО-да жолаушыларды пойызға отырғызудың жаңа ережесі жасалды
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар-Алматы-2 бағытындағы №31/32 жолаушылар пойызы үшін жолаушыларды отырғызуға/түсіруге уақытша тыйым салынды.

2020 жылдың 2 қарашасынан бастап Дегелең, Семей, Жаңа-Семей, Шар, Жаңғызтөбе, Жарма, Үшбиік, Аягөз, Ақтоғай стансаларында Павлодар-Алматы-2 бағытындағы №31/32 жолаушылар пойызы үшін жолаушыларды отырғызуға/түсіруге уақытша тыйым салынды, тиісінше, осы маршруттың көрсетілген стансаларына жол жүру құжаттарын сатуға рұқсат жоқ.

Сондай-ақ, Алматы-2-Өскемен-1 және Нұр-Сұлтан (Нұрлы Жол)-Өскемен-1 №351/352 жолаушылар пойызының жүру жиілігі уақытша қысқартылды.

Жолаушылардың Шығыс Қазақстан облысының барлық стансаларынан темір жол көлігімен шығуы үшін ПТР тестілеуден өткені туралы анықтама міндетті түрде болуы керек және ол анықтаманың берілгеніне 3 тәуліктен аспауы, СOVID-19-ға теріс нәтиже болуы қажет. СOVID-19-ға ПТР тестілеуден өткені туралы анықтама болмаған жағдайда жолаушылар вагонға отырғызуға жіберілмейді.

Жол жүру құжаттарын (билеттерін) бұрын уақытша тоқтатылған пойыздар мен тұрақтарға ресімдеген, сондай-ақ вагонға отырғызуға жол берілмеген жолаушылар жол жүру құжаттарын қайтарып, ақшалай қаражатты толық көлемде қайтарып ала алады.

Өзгелердің жаңалығы