3 қарашаға арналған ауа райы

3 Қараша 2020, 07:13
1435
Бөлісу:
3 қарашаға арналған ауа райы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 3 қараша күні Қазақстан территориясының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағы шығыс Еуропа аудандарынан келетін Антициклонның ықпалында болады. Оның келуімен тек шығыс пен оңтүстік-шығыста негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 

Кезеңнің басында елдің солтүстігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын өтеді. 

Еліміздің солтүстігі мен оңтүстігінде жел күшейеді, түнде және таңертең кей жерде тұман, көктайғақ күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы