ТҚЖБ. Матаев жаңа бағдарлама туралы айтты

3 Қараша 2020, 17:03
1962
Бөлісу:
ТҚЖБ. Матаев жаңа бағдарлама туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Орталық филиалының директоры Жансұлтан Матаев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында айтты. 

Осы аптада BI-Group-пен бірлескен жаңа бағдарлама іске қосылды. Онда бастапқы салымы бар тұрғындар 36 пайызбен жылына 7 пайыздық үстемемен аталмыш құрылыс компаниясынан үй сатып ала алады. Бұл тұрғын үйге қол жеткізудің тағы бір жолы. Биыл әкімдікте баспанаға кезекте тұрғандарға  «5-10-20» бағдарламасы бойынша басымдық беріледі. Үй алу үшін қаражатты көп уақыт бойы жинау керек дегенге келіспеймін, - деді Матаев. 

Ол атап өткендей, қазір банктің 1,7 млн салымшысы бар. 

Күн сайын 250 қазақстандық «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен» несие алады. Құрылыс жинағы жеңілдікпен несие рәсімдеп, қолжетімді баспаанаға ие болуға бағытталған, - деді ол. 

Матаев айтқандай, биыл әйелдерге арналған ипотека іске қосылуы керек еді. 

Осы жылдың басында «әйелдерге арналған ипотека» бағдарламасы іске қосылуы керек еді. Алайда пандемияға қатысты ол жүзеге аспады. Бағдарлама әзірленіп жатыр, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы