Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен коронавирус пандемиясының жаңа толқынына дайындықты қамтамасыз ету бойынша барлық шара алдын ала қабылдануда. Бұл туралы Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында пандемия кезіндегі емхана жұмысының алгоритмдері туралы өткен онлайн-сұхбат кезінде №8 қалалық емханасының бас дәрігері Фарида Ағыбаева айтты.
Оның айтуынша, материалдық және материалдық емес ресурстар бойынша тиісті есептеулер арқылы COVID-19 пандемиясының жаңа толқынына дайындық жоспары әзірленген.
Негізгі және қосымша процестер тұрғысынан дайындықты бағалау бойынша чек-парақтар, ЖРВИ, коронавирус инфекциясы бар науқасқа көрсетілетін бағыт әзірленді. Эпидемияның екінші толқыны кезеңіне Call-center-де медициналық тіркеу орындарына қосымша 6 адам, жедел медициналық көмек бөлімшесіндегі қосымша фельдшерлік бригадалар (3 негізгі бригадаға дейін, 1 резервтік), 2 автокөлік қажеттілігі есептелген. Қажеттілік бойынша бейінді мамандар қатарынан, оның ішінде үйде шағын инвазивті манипуляциялар және үй жағдайларында жүзеге асырылатын зертханалық-аспаптық зерттеулер жүргізе отырып, мобильді дәрігерлік бригада құрылатын болады, - деді ол.
Емханада «лас» және «таза» аймақтарға бөлу жүргізілген. «Таза» аймақта балалар мен жүкті әйелдерге арналған жеке фильтр-кабинеттері ұйымдастырылған. Пациенттер ағынын сұрыптау үшін арнайы дәліз орнатылған. Емхананың кіреберісінде бүкіл науқастар ағынының дене қызуын өлшеу үшін байланыссыз тепловизор орнатылған.
Емханаға кірген кезде пациенттер «триаж» жүйесі арқылы өтеді: байланыссыз термометриямен ағындарға бөлу, ЖРВИ және коронавирус инфекциясы белгілерінің бар-жоғына бірінші қабатта «Фильтр» мен оқшаулағыштар ұйымдастырылған, онда оларға байланыссыз термометрия және COVID-19 жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар пациенттерді анықтау мақсатында сауалнама жүргізіледі. Ауру белгілері анықталған кезде бала уақытша оқшаулағышқа орналастырылады. Педиатр дәрігер қарап тексергеннен кейін, пациент амбулаториялық емделуге жіберіледі немесе провизорлық стационарға емдеуге жатқызылады. Дене қызуы жоғары балалар емханаға жіберілмейді, - деді дәрігер.
№8 емханада КВИ ауруының симптомсыз, жеңіл, орташа түрі бар науқастарды медициналық бақылау бойынша 12 мобильді топ құрылды.
Мобильді бригадалар нормативтік талаптарға сәйкес жабдықталған, соның ішінде жедел шұғыл көмек көрсетуге арналған жиынтықтармен жабдықталған. Осылайша, мобильді бригадалар эпидемиялық жағдайға байланысты медициналық қызметтер кешенін көрсетеді: үйге шақыру бойынша қызмет көрсету, пациенттерге консультация беру (аудио-видео), биологиялық материалдар үлгілерін жинау, ем тағайындау және т.б. Бүгінгі күні мониторингте симптомсыз 2 науқас бар. Сондай-ақ, жалпы практика дәрігерлерінің бөлім меңгерушілері деңгейінде ЖРВИ, коронавирус инфекциясы, қауіп тобындағы пациенттерді тиісті сұрыптау және динамикалық бақылау жүргізіледі, - деді Ағыбаева.
Оқи отырыңыз: