Елорданың ақылы тұрақтарында заңсыздықтар болған

3 Қараша 2020, 21:20
1383
Бөлісу:
Елорданың ақылы тұрақтарында заңсыздықтар болған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі келісімшарт міндеттемелерін орындамағаны және талаптарды елемегені үшін сотқа «Парковочное пространство Астаны» ЖШС-мен келісімшартты бұзу туралы арыз берді. Заңды негізі жоқ кәсіпорын (Нұржол бульварын қоспағанда) қаланың жол желісі бойына паркоматтар, жол белгілері мен ақпараттық тақталар орнатқан. Жабдықты демонтаждау қажеттілігі туралы «Парковочное пространство Астаны» ЖШС-на бірнеше рет ескертілді, өтініштер еленбеді.

Сонымен қатар тексеру кезінде комиссия қоғамдық көлік тұрақтары үшін төлемдерді заңсыз жинауды анықтады (Нұржол бульварынан басқа). Осыған байланысты Нұр-Сұлтан әкімдігінің Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы автокөлік иелеріне шығындарды өтеу мақсатында Мемлекеттік кірістер департаментіне хат жолдады.

Еске сала кетейік, көшелер мен даңғылдарды кептелістен арылтуға арналған пилоттық жоба 2018 жылдың 15 қаңтарында Нұржол бульварының аумағында басталды. Жоба жеке серіктестік қаржысына жүзеге асырылды. Болашақта паркоматтардың санын кеңейту жоспарланған болатын.

«Парковочное пространство Астаны» ЖШС тарапынан бірнеше рет бұзушылықтарға және тұрғындардың шағымдарына байланысты елорда әкімдігі жобаның кеңеюін тоқтата тұру туралы шешім қабылдады. Келісім шартты бұзу туралы сотқа арыз берілді.

 
Өзгелердің жаңалығы